"Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 300 бұйрығына өзгеріс енгізу

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
26.09.2019
Өзгерту күні
20.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18496 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көлемі – 4 948 315 600 (төрт миллиард тоғыз жүз қырық сегіз миллион үш жүз он бес мың алты жүз) теңгеден артық емес;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.