Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
30.09.2019
Өзгерту күні
30.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (ҚР Президентінің 25.02.2019 ж. N 848 Жарлығымен құрылды)

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын, әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік бағдарламаларын, әлеуметтік жобаларын, функцияларын іске асыру нысаны;".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.