"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
01.10.2019
Өзгерту күні
25.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15640 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте жариялаған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларында:

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тұрғын үй комиссиясы мынадай мәселелерді қарайды:

      1) әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғын жайға мұқтаж деп тану;

      2) әскери қызметшілерге қызметтік тұрғын үй беру;

      3) әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау;

      4) әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру;

      5) бұған дейін жалға берілген қызметтік тұрғын үйді айырбастау;

      6) қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын жасау;

      7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген өзге де мәселелер.

      10. Тұрғын үй комиссиясы осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мәселелерді қарауды:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      11. Тұрғын үй комиссиясы айына кемінде бір рет отырыс өткізеді. Егер тұрғын үй комиссиясының отырысына тұрғын комиссиясының мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф.Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.