"Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
04.10.2019
Өзгерту күні
02.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (ҚР Президентінің 06.08.2014 ж. N 875 Жарлығымен құрылды)

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17442 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы2 қазандағы
№ 84 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 20 бұйрығына
қосымша

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттері

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге

1

2

3

1

Ақмола облысы

47 974 364,0

2

Ақтөбе облысы

58 436 233,4

3

Алматы облысы

50 567 598,2

4

Атырау облысы

39 031 799,1

5

Шығыс Қазақстан облысы

66 042 277,0

6

Жамбыл облысы

52 819 808,6

7

Батыс Қазақстан облысы

51 433 929,2

8

Қарағанды облысы

59 357 678,3

9

Қостанай облысы

52 863 853,7

10

Қызылорда облысы

53 305 967,2

11

Маңғыстау облысы

27 088 528,4

12

Павлодар облысы

32 499 225,7

13

Солтүстік Қазақстан облысы

39 073 332,2

14

Түркістан облысы

44 703 040,0

15

Алматы қаласы

61 958 926,2

16

Нұр-Сұлтан қаласы

101 875 797,7

17

Шымкент қаласы

62 608 564,0


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.