"Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
30.10.2019
Өзгерту күні
23.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11848 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құруға, олардың жұмыс істеуі мен таратылуына қойылатын талаптар, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу үшін осы Талаптардың және Шарттардың 10-тармағында көзделген талаптарға астық қабылдау кәсіпорнының сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қор көздеген нысан бойынша Қорға жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді:

      1) астық қабылдау кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

      2) астық қабылдау кәсіпорны жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

      3) құрылтайшылар құрамы туралы құрылтай шартынан үзіндінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады) немесе Қорға өтініш берген күнге дейін 1 ай бұрын берілген, "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) бекітілген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзіндінің түпнұсқасы;

      4) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның электрондық нысаны;

      5) жаңа өнім астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан зерттеп-қарау актісінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

      6) астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын, "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) бекітілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

      7) соңғы қаржылық жылға қаржылық есептілікті құрайтын құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады), сондай-ақ, бар болса, соңғы есептік кезең үшін аралық қаржылық есептіліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

      8) астық қабылдау кәсіпорнының өткен қаржылық жыл үшін жылдық қаржылық есептілігінің дұрыстығын растайтын аудиторлық есептің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады) (егер, өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде берілсе, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жыл үшін аудиторлық есептің көшірмесі ұсынылады (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

      9) астық қабылдау кәсіпорнының өтініш берілген күннің алдындағы он екі ай ішінде астық қолхаттарын ұстаушылар алдында мерзімі өткен берешегінің және ол берген (шығарған) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соттың жауапқа тартуы фактілерінің жоқтығы туралы астық қабылдау кәсіпорнының басшысы мен бас бухгалтері қол қойған хабарландыру хаты;

      10) астық қабылдау кәсіпорнының өтініш берілген күннің алдындағы 3 айдан астам мерзімде банк алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар адамның және бас бухгалтердің қолы қойылған, банктің мөрі бар банк анықтамасының түпнұсқасы (егер, астық қабылдау кәсіпорны екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болса, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      11) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) сұранымы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған, есепке алынуы мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқтығы (бар болуы) туралы мәліметтер.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.