Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Нұсқаулық
Қағида
Қабылдау күні
05.11.2019
Өзгерту күні
30.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (ҚР Президентінің 13.06.2019 ж. N 12 Жарлығымен құрылды)

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің дербес деректері жазылған жеке істерін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

      5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

      6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуы тиіс қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

      7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

      8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке орта басшы құрамдағы лауазымдарға бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқудан өту қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;

      9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидалар осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

      10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктіліктер беру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;

      11) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызметтік тергеулер жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Басшы А. Шпекбаев

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 1-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің дербес деректері жазылған жеке істерін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің дербес деректері жазылған жеке істерін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу, оларды есепке алу, сақтау және беру тәртібін айқындайды.

      2. Үміткер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданған кезде кадр қызметі жеке ісін ресімдейді, оған барлық зерделеу материалдары және одан әрі қызметтік іс-әрекеттері мен құқық қорғау қызметінің өтілі туралы мәліметтер тігіледі.

      3. Жеке істе бұрынғы еңбек қызметі, Қарулы Күштерде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет өткеруі, өмірбаяндық және әлеуметтік сипаттағы деректер, үміткерді зерделеудің, арнайы тексерістердің нәтижелері мен басқа да мәліметтер көрсетіледі.

      4. Қызметкердің жеке ісіндегі және есепке алу құжаттарындағы мәліметтер "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады.

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық қызметкерлеріне жеке істер ресімделіп жүргізіледі.

      6. Жеке іс қызметкерлердің қызметтік, кәсіби және қоғамдық қызметін сипаттайтын барлық дербес деректер мен материалдар көрсетілген негізгі құжат болып табылады.

      7. Жеке іс қызметкердің, ақпараттық моделі ретінде болады және оның қызметтік және еңбек қызметін, іскерлік және жеке қасиеттерінен тұратын нақты және толық өмірбаяндық деректері қамтылған есепке алу құжаты ғана емес, сондай-ақ, осы мәліметтерді заңды түрде растайтын құжаттардың (мінездемелер, қызметтік аттестаттау, ант, ұсыныстар және басқа материалдар) қоймасы ретінде пайдаланылады.

      8. Жеке іс материалдары қызметкердің қызмет өткеруі туралы мәселелерді шешу, оны кезекті біліктілік сыныптарын белгілеуге ұсыну, марапаттау және көтермелеу, санаттарын көтеру, лауазымдық айлықақысының мөлшерін анықтау үшін қызмет өтілін, еңбек өтілін есептеу, зейнетақыны белгілеу үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу мәселелерін шешу үшін пайдаланылады.

      9. Жеке істің барлық материалдары тиісті бөлімдерге тігіледі. Желімді, скотчты, степлерді және құжаттарды бекітуге арналған басқа да құралдарды пайдалануға жол берілмейді.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің жеке істерін жүргізу тәртібі

      10. Жеке іс бес бөлімнен тұрады.

      1) бірінші бөлімде:

      қызметтік тізім;

      қызмет өтілін анықтау жөніндегі комиссияның қорытындысы сақталады.

      2) екінші бөлімде:

      аттестаттау парақтары;

      қызмет кезеңіндегі қызметтік мінездемелер;

      біліктілік сыныбын белгілеуге (төмендетуге, қайта қалпына келтіруге) арналған ұсынулар;

      кезекті біліктілік сыныбын белгілеуге арналған ұсынудың кешіктірілгені туралы шешім;

      қызметі бойынша ауысуға ұсынулар және баянаттар;

      қызметтен босатуға ұсынулар мен баянаттар;

      қызметтен босату туралы хабарлама;

      наградтау парақтары, көтермелеу (наградтау) туралы ұсынулар.

      3) үшінші бөлімде:

      құқық қорғау органына қабылдау туралы өтініш;

      өмірбаян (өз қолымен жазылған және басылған түрде, (кадр бөлімшесі қызметкерінің (жұмыскерінің) қолымен расталған);

      сауалнама (кадр бөлімшесінің мөрімен расталған фотосуретпен);

      құқық қорғау органына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау туралы қорытынды;

      қызметке (оқуға) түсуге дейінгі ұсынылатын мінездемелер (қызметтік, оқу және басқалары);

      конкурстық комиссия материалдары (мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және жеке құзыретін тестілеу нәтижелері; дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері, полиграфологиялық зерттеу нәтижелері, конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмелер);

      орталық (округтік) әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасы;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылым;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары) сақтауы жөніндегі міндеттеме;

      Анттың мәтіні жазылған, қол қойылған бланк;

      жедел-тыңшылық жұмысқа жасалған қорытынды (рұқсат қағазы);

      мемлекеттік құпияларға рұқсат беру туралы шарт (келісімшарт).

      4) төртінші бөлім (жеке папка) – "Архив материалдары":

      ескірген қызметтік тізімдер;

      ескірген өмірбаяндар мен сауалнамалар;

      қызметкердің баянаттары;

      қызметтік тексерістер мен тергеулердің қорытындылары мен материалдары;

      жеке құрам жиналыстарының шешімдері мен хаттамалары;

      Орталық (аймақтық) әскери-дәрігерлік комиссияның ескірген анықтамалары, денсаулық жағдайы туралы, жарақаттар мен контузиялар туралы анықтамалар;

      қызметкердің қызметі бойынша басқа жерге ауысуы жөніндегі жолдаманың үшінші бөлігі;

      қызмет мерзімін ұзарту туралы қолдаухат пен баянат;

      қызметі бойынша ауысу кезіндегі ұсынымдар;

      кадр резервіне қабылданған үміткерлермен жұмыс жөніндегі материалдар;

      сертификаттардың (арнайы алғашқы оқуды, қайта даярлау курстарын, біліктілікті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының бюджеті есебінен төленетін тілдік, білім беру және басқа да курстарды бітіргені туралы) көшірмелері;

      тестілеудің, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудың ескірген нәтижелері;

      жеке істің өзекті емес жағдайдағы басқа да құжаттары сақталады.

      5) бесінші бөлім (жеке папка) – "Зерделеу және арнайы тексеріс материалдары" құқық қорғау органына қызметке түсетін үміткерлерді зерделеу және арнайы тексеріс материалдарынан, қызметкердің жүзеге асыратын қызметі кезеңдеріндегі қосымша тексеру материалдарынан құралады. Аталған бөлікте үміткерді зерделеу материалдары:

      зерделеуге және тексеруге келіскені туралы өтініш;

      тексеріс жүргізу жоспары;

      атаулы тізім;

      соттылықтың болуы немесе болмауы туралы талаптар;

      арнайы тексеріс нәтижелері;

      ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің ақпараты;

      үміткерді тұрғылықты жері бойынша тексеру нәтижелері жөніндегі баянаттар, анықтамалар, пікірлер;

      үміткердің тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторының анықтама-ұсынымдары;

      арнайы тексеріс бойынша қорытынды;

      қосымша тексеріс бойынша материалдар.

      Жеке істің сыртқы мұқабасы тығыз картоннан баспаханалық тәсілмен жасалады, бүйірлі, жоғары және төмен жаппалары, тығыз байламасы болады.

      Жеке істің сыртқы мұқабасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Жеке іс қалың картоннан әзірленген папка-қаптамаға (көлемі 250х320 миллиметр) салынады, оның жоғарғы түбіршегінде салыстырып тексеру кітабына сәйкес жеке істің нөмірі көрсетіледі.

      Сыртқы мұқабасы мен папка-жеке істің сырты қолмен жазылған мәтінді пайдаланусыз біртекті ресімделеді.

      Жеке істің сыртқы мұқабасының ішкі жағында қызметкердің белгіленген іскерлік киім нысанындағы сыртқы киімсіз және бас киімсіз түрлі-түсті фотосуреті (анфас, бюст) бекітіледі. Фотосуреттің екінші жағына қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) жазылады, ол кадр қызметкерінің немесе тікелей бастықтың қолымен расталады және оған кадр қызметінің мөрі басылады.

      Мұқабаның екінші ішкі жағында көлемі 200х280 милиметр жоғарғы клапаны бар желімделген конверт орналастырылады. Конвертте мынадай құжаттар:

      1) кадр қызметінің қызметкері (жұмыскері) куәландырған жеке куәліктің көшірмесі;

      2) жоғары білімі туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері;

      3) кадр бөлімшесінің (кадр қызметі) қызметкері (жұмыскері) куәландырған отбасы жағдайы туралы, балалардың тууы туралы құжаттардың көшірмелері;

      4) еңбек кітапшасы;

      5) әскери есепке алу құжаты (әскери міндетті тұлғалар үшін);

      6) кірістері мен мүліктері туралы, оның ішінде зайыбының (жұбайының) (соңғы бес жылдағы) кірістері мен мүліктері туралы декларация тапсыру туралы салық органынан алынған анықтамалардың көшірмелері сақталады.

      Конверттің сыртқы жағында конверттің ішіндегі құжаттардың тізімдемесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі.

      11. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін жеке істің қызметтік тізімі құқық қорғау қызметін өткеруін көрсететін құжат болып табылады.

      Жазулар көк түсті сиямен, анық, мұқият, қысқартуларсыз және түзетулерсіз жүргізіледі.

      Егер кейіннен қызметтік тізімдегі жазбада жүргізілген жазуларда дәлсіздіктер мен бұрмалаулар анықталған жағдайда түзетулер енгізіледі. Барлық түзетулер "Түзетілгенге сену керек" деген сөзбен расталады, кадр қызметі қызметкерінің (жұмыскерінің) қолы мен кадр қызметінің мөрі қойылады.

      Қызметтік тізімді ресімдеу және оған кезекті жазбалар енгізу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Жеке істің қызметтік тізіміндегі, тізімдемесіндегі және басқа да құжаттардағы әртүрлі жазбаларды цифрлық ресімдеу тек қана араб сандарын ғана пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Қызметтік тізімге белгіленген үлгідегі (арнайы есепке қою туралы, еңбек сіңірген жылдарын белгілеу туралы және тағы басқа) мөртаңбалар қойылады.

      Мөртаңбаның бедері анық басылуы қажет. Қызметтік тізімге оның нысанында көзделмеген деректерді енгізуге тыйым салынады.

      Егер қызметтік тізім бөлімдерін толтыру кезінде қандай да бір ақпарат болмаса немесе ол тұрақты түрде болмаса (жоқ, тұрмысқа шықпаған және тағы басқа), онда жазба қара қарындашпен "жоқ", "болмаған" деген ескертпе түрінде қойылады (мысалға, "Ғылыми дәрежесі, атақтары туралы мәліметтер" бөлімі – жоқ).

      Қызметтік тізімді жасау және оны кейіннен жүргізу кезінде мыналарды басшылыққа алу керек:

      1) қызметтік тізімнің титул бетінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) деген бағанда сөздерді лексикографиялық ресімдеу ескеріле отырып, бұрмалаусыз, жеке куәлігіне дәл сәйкестікте қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) толық және анық көрсетіледі. Тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болғанда) өзгерген жағдайда, алдыңғы деректер дөңгелек жақшаға мұқият алынады, шимайланбайды. Жанына өзгертілген мәліметтер анық түрде енгізіледі. Сол жақ төменгі бұрышында есепке алу деректерін өзгерткені туралы белгіленген үлгідегі мөртаңба қойылады, онда бұрынғы және өзгертілген деректер, бұйрықтың нөмірі мен күні, бұйрықты шығарған инстанциялардың атауы белгіленеді.

      2) арнаулы (әскери) атақтар кестесінде жаңадан қабылданған адамның әскери билетінде көрсетілген атағы көрсетілмейді. Тек бірінші және кезекті арнаулы (әскери) атақтар беру туралы жеке құрам бойынша бұйрықтар осы кестені толтыруға негіз болып табылады.

      3) "Туған күні туралы мәліметтер" деген 1-бөлімде жеке куәлікке сәйкес қатаң түрде жазба енгізіледі және сөздік-цифрлық тәсілмен мәтіндік аймақта толығымен жазылады.

      4) "Туған жері" деген 2-бөлімде жеке куәлігі негізінде сауалнамамен салыстырылған жазба енгізіледі.

      5) "Ұлты" деген 3-бөлімде жазба жеке куәлікпен қатаң сәйкестікте енгізіледі.

      6) "Білімі" деген 4-бөлім білімі туралы құжаттар негізінде толтырылады.

      4-бөлімнің құрылымдық элементтеріне білім беру ұйымының атауы, дипломның сериясы мен нөмірі, бітірген жылы, біліктілігі, дипломы бойынша бағыты немесе мамандығы енгізіледі, берілген ғылыми дәрежесі (бар болған кезде) көрсетіледі.

      7) "Тілдерді білуі" деген 5-бөлімде қызметкердің толтырған сауалнамасы негізінде жазба енгізіледі. Қызметкер меңгерген тілдер қысқартуларсыз толық көрсетіледі. Тілдерді білу деңгейі мәтіндік нысанда мынадай түрде көрсетіледі: "еркін меңгерген", "оқи алады және түсіндіре алады", "оқи алады және сөздікті қолдана отырып аударады".

      8) "Ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы мәліметтер" деген 6-бөлімде білім және ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген құжаттар негізінде жазбалар енгізіледі. Бұл бөлімде ғылыми дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы, ғылыми дәрежені немесе арнайы атақты беру күні, құжатты кімнің бергені, құжаттың нөмірі (сериясы) көрсетіледі. Сонымен қатар, мамандықтың шифры және ғылыми зерттеулер саласы көрсетіледі.

      9) "Ғылыми еңбектері мен өнертапқыштығының бар екендігі туралы мәліметтер" деген 7-бөлімде диссертациялар тақырыптарының атаулары көрсетіледі, жазбалар қызметкер берген белгіленген үлгідегі ғылыми еңбектері мен өнертапқыштығы тізімі негізінде енгізіледі. Бұл бөлімде ғылыми еңбектері мен өнертапқыштығы тізімінің барлығын көрсету мүмкін болмаған жағдайда, қызметкер берген тізім жеке істің төртінші бөліміне тігіледі.

      10) "Дербес еңбек қызметі" деген 8-бөлімде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы, қаржы полициясы органдарындағы, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, осыған ұқсас құрылымдардағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің құқық қорғау органдарындағы қызметтерді қоспағанда, еңбек қызметін растайтын тиісті құжаттардың негізінде еңбек қызметінің басынан бастап атқарылған жұмыстар туралы деректер енгізіледі. Аталған бөлімде азаматтық оқу орындарында күндізгі нысан бойынша оқуы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, осыған ұқсас құрылымдарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің құқық қорғау органдарындағы жұмысшы және қызметші ретіндегі жұмысы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Бөлімнің соңында көрсетілген мәліметтер қызметтік тізімді ресімдеген адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, қолымен расталады, сондай-ақ еңбек қызметін және оның негізінде жүргізілген жазбаларды растайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі. Қолы кадр қызметінің мөрімен расталады.

      11) "Қызмет өткеру" деген 9-бөлімде жазбалар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі: Қарулы Күштердегі мерзімді әскери қызметті өткергені туралы мәліметтер – әскери билет негізінде; бастапқы оқудан өткені туралы мәліметтер – белгіленген үлгідегі сертификат (куәлік) негізінде; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімшелеріндегі оқуы – тиісті оқу орнына оқуға қабылдау және аяқтау туралы бұйрықтар негізінде; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, осыған ұқсас құрылымдарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің құқық қорғау органдарында қызмет өткеруі – тиісті инстанциялардың жеке құрамы бойынша бұйрықтары негізінде жүргізіледі.

      Бұл бөлімге мынадай:

      1) тиісті инстанциялардың жеке құрамы бойынша бұйрықтардың негізіндегі лауазымдар бойынша еңбек қызметі туралы;

      2) Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарына әскери қызметшілерді, қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы;

      3) шетелдік оқу мекемелері немесе білім алушылардың өздері ұсынған оқуға қабылдау және оқуды аяқтау туралы бұйрықтары негізінде шет мемлекеттердің оқу мекемелерінде мемлекеттік бюджет есебінен оқығаны туралы мәліметтер енгізіледі.

      Сондай-ақ, осы бөлімде тиісті бұйрықтар негізінде лауазымдық жалақы көлемін анықтау үшін қызмет өтілін белгілеу туралы мөртаңбалар қойылады.

      Бұйрықтың нөмірі, күні және оны шығарған инстанцияның атауы осы бұйрықпен расталған әрбір қызмет кезеңінің жанында жазылады. Басшы құрамдағы адамдардың жоғары лауазымнан төменгі лауазымға ауыстырылуын жазу кезінде ауыстыру себебі көрсетіледі, мысалға: "тәртіптік жаза түрінде төмендетіле отырып тағайындалды" немесе "штаттардың қысқартылуына байланысты төмендетіле отырып тағайындалды" немесе "жеке өтініші бойынша төмендетіле отырып тағайындалды". Лауазымда төмендету себептері туралы жазба жеке құрам бойынша бұйрықтың негізінде ғана жүргізіледі.

      Қызметкерді іссапарға жіберген, қызметтен босатқан жағдайларда немесе оны жеке құрам тізімінен алып тастаған жағдайда 9-бөлімде жүргізілген жазбалар кадр бөлімшесінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның қойған қолымен расталады және кадр қызметінің мөрімен бекітіледі.

      12) "Жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылын есептеуге жататын қызмет кезеңдері" деген қызметтік тізімнің 10-бөлімінде зейнетақыны жеңілдік жағдайларда тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылы есептелуге тиіс қызмет кезеңдері жазылады.

      Қызметтік тізімнің осы бөліміне мынадай мазмұндағы жазба жүргізіледі: "Зейнетақы тағайындау үшін қызмет өткерген кезеңі еңбек сіңірген жылдарына _______________________ бастап_____________________ аралығында жеңілдікті жағдайларда есептелсін: _________ ай үшін бір ай.

      Негіздеме: ____________________________________________________ (бұйрықтар, еңбек сіңірген жылдарын жеңілдіктен есептеуге арналған құжаттары)".

      Соғыстарға және басқа да әскери іс-қимылдарға қатысуы туралы мәліметтер ол әскери әрекеттерге қатысқан әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің атауын көрсете отырып, хронологиялық тәртіпте бірізділікпен жазылады. Жазбалар Қарулы Күштер тізімдеріне, бұйрықтарға, архивтік анықтамаларға немесе нөмірі, күні және оны шығарған органның атауы көрсетіле отырып, басқа да ресми құжаттарға сілтеме жасаумен расталады.

      Қызметкердің шалғайдағы және биік таулы жерлердегі қызметі туралы жазбалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына сілтеме жасай отырып жүргізіледі.

      10-бөлімде жүргізілген жазбалар кадр қызметі басшысының немесе оны ауыстырушы тұлғаның қолымен және кадр қызметінің мөртаңбасымен расталады.

      13) "Даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау" деген 11-бөлімде растайтын құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және тағы басқа) негізінде ведомстволық білім беру ұйымдарында қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ басқа да министрліктердің, ведомстволардың, оның ішінде шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында қызметкерлерді даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы жазбалар енгізіледі. Даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау қай оқу орнында немесе ведомствода және жүргізілген уақыт аралығы, оқудың бейіні мен түрі, алған мамандығы мен біліктілігі, растайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі.

      14) "Аттестаттау туралы мәліметтер" деген 12-бөлімге аттестаттау өткізу күні, аттестаттау қомиссиясының қабылдаған шешімі туралы және ұсынымдары туралы мәліметтер енгізіледі.

      Төраға және аттестаттау комиссиясының мүшелері қол қойған аттестаттау парағы жазбалар енгізу үшін негіз болып табылады.

      15) Қызметтік тізімнің "Наградалар мен көтермелеулер" деген 13-бөлімінде қызметкердің қызмет өткерген кезеңінде алған Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік наградалары, сондай-ақ көтермелеулері туралы мәліметтер енгізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Наградтау туралы Жарлықтары, көтермелеулер туралы тиісті инстанциялардың бұйрықтары жазбалар енгізу үшін негіз болып табылады.

      16) Қызметтік тізімнің "Тәртіптік жазалар" деген 14-бөлімінде қызмет өткеру кезеңінде қызметкерлерге салынған тәртіптік жазалар жазылады. Қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтар жазбаларды енгізу үшін негіз болып табылады, бұл ретте бұйрыққа толық сәйкестікте бөлімнің бағандарында қандай жаза және не үшін салынғаны толығымен көрсетіледі.

      17) "Қызметтік борышын орындау кезінде алған жарақаттары мен контузиялары туралы мәліметтер" деген 15-бөлімде қызметкерлердің қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын орындау кезінде алған жарақаттары, контузиялары, зақымданулары, мертігулері, сырқаттары туралы жазбалар жазылады. Емдеу мекемелері берген құжаттар, растайтын құжаттардың нөмірлері мен күніне сілтеме жасай отырып, архивтік анықтамалар жазбалар үшін негіз болып табылады, бұл ретте жарақаттардың, контузиялардың, зақымданулардың, мертігулердің сипаттамасы, оларды қашан және қай жерде алғаны көрсетіледі.

      18) "Шетелде болуы" деген 16-бөлімде барлық шетелге шығулар (жақын және алыс шетелге) көрсетіледі (тұрақты жұмысқа, оқуға, іссапарға, демалысқа, туристік жол жүрулер). Қызметкердің (үміткердің) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақшада көрсетіліп толтырған деректер және қажет болған жағдайда, үміткердің паспортындағы белгілер қызметтік тізімді толтырудың бастапқы сатысындағы жазбалар үшін негіз болып табылады. Мынадай құжаттар: белгілері бар демалыс куәліктерінің және (немесе) Қазақстан Республикасы азаматының визаларының көшірмелері және (немесе) паспортының көшірмесі, оқуға және қызметтік іссапарға жіберу кезінде – жіберуші инстанцияның бұйрықтары және (немесе) іссапар куәліктерінің түбіршектері осы бөлімнің қызметтік тізімін толтырудың кейінгі сатысындағы жазбалар үшін негіздер болып табылады.

      19) "Қызметкердің ата-анасы туралы мәліметтер" деген 17-бөлімде әкесі мен шешесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), олардың тұрақты жері көрсетіледі. Қызметкердің сауалнамасында және өмірбаянында көрсетілген тексерілген деректер жазба үшін негіз болып табылады.

      20) "Отбасы жағдайы туралы мәліметтер" деген 18-бөлімде бөлім атауының оң жағында мынадай ықтимал мәндер: "үйленген (үйленбеген)"; "үйленбеген (тұрмысқа шықпаған)"; "ажырасқан (ажыраспаған)", "тұл жесір" екені жазылады. Осы бөлімнің кестесінде зайыбының (жұбайының) тегі (оның ішінде тұрмысқа шықпаған кездегі тегі), аты, әкесінің аты (бар болғанда) және қызметкердің балалары (оның ішінде асырып алынған қыз және ұл балалары) жазылады. Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар беретін тиісті құжаттар негізінде ғана қызметкердің отбасы жағдайы туралы мәліметтерді жазу жүргізіледі.

      Бұл бөлім "Ескертпе" деген бағанмен толықтырылған, онда қосымша мәліметтер (некені бұзу, қайтыс болуы туралы және тағы басқа) көрсетіледі.

      21) "Қызметкердің тұрғылықты мекенжайы" деген 19-бөлім тұратын жері бойынша мекенжай анықтамасы негізінде және қызметкер толтырған сауалнамада, өмірбаянында көрсетілген деректер негізінде толтырылады. Мекенжай екі ұстанымда көрсетіледі (егер мұндай жағдай орын алса), тіркелген және есепке алынған орны, онымен байланысуға мүмкін болатын үй және ұялы телефондарының нөмірлері қызметкердің сөзі бойынша көрсетіледі. Үй және ұялы телефондардың нөмірлері қара қарындашпен жазылады.

      22) қызметтік тізімнің соңында қызметтік тізімді толтырған кадр қызметі жұмыскерінің лауазымы, тегі мен аты-жөні көрсетіледі, оның қолы және күні қойылады. Адам толтырылған қызметтік тізіммен таныстырылады және ол туралы жазылған мәліметтердің дұрыстығын растау үшін қызметтік тізімге өзінің қолын қояды. Содан кейін кадр қызметінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қызметтік тізімді бекітеді, кадр қызметінің мөрімен расталады.

      Қызметтік тізімдегі парақтар саны 12 (он екі) парақты құрайды, соңғы он екінші беті мөр қоюға арналған.

      Қызмет өткеру кезеңінде қызметкерлер қызметтік тізімдегі жазбалармен кемінде бес жылда бір рет, сондай-ақ жаңа қызмет орнына барар алдында қызметінен босатылғаннан кейін және басқа жағдайларда кадр бөлімшесі басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның рұқсаты болған жағдайларда танысады.

      Қызметтік тізім қызметкердің барлық қызметтік жұмысы барысында жүргізіледі.

      Қызметтік тізімдерді қайта ресімдеуге олардың толық жарамсыз болып қалған жағдайларында кадр қызметінің басшысы немесе оны алмастырушы тұлғаның бекіткен кадр қызметінің дәлелді қорытындысы бойынша ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте бұрынғы қызметтік тізім жойылмайды, жеке істің төртінші бөліміне тігіледі.

      12. Әлеуметтік-демографиялық (тегі, туған күні мен жері, білімі, отбасы жағдайы және тағы басқа), әкімшілік сипаттағы (лауазымы, қызмет орны, көтермелеулер мен жазалар және тағы басқа) мәліметтердегі, сондай-ақ қызметкердің жеке және іскерлік қасиеттерін сипаттайтын деректердегі кейінгі өзгерістер мен толықтырулар бұл істер есепте тұрған кадр бөлімшелерінің жеке қызметтік іс тізімінде көрсетіледі.

      13. Жаңа мән-жайлар туындаған, өмірбаяндық сипаттағы елеулі өзгерістер болған жағдайда қызметтік тізімнің деректеріне (тұрмыс құру (үйлену), шетелге шығу, балаларының және басқа да жақын туыстарының кәмелеттік жасқа толуы және тағы басқа) қосымша тексеріс іс-шаралары жүргізіледі, қайшы келетін мәліметтер анықталған жағдайда қызметкерден жаңа өмірбаян, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша, сауалнама, қажетті құжаттар талап етіледі.

      Нәтижелері туралы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмірбаяндық тексеріс бойынша қорытынды қосымша толтырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысымен келісіледі, сондай-ақ арнайы тексерістің қосымша құжаттарымен бірге арнайы тексеріс құжаттарына қосылады.

      Қызметкердің отбасы жағдайы өзгергенде, қылмыстық жауапкершілікке өзі немесе жақын туыстары тартылғанында, олардың біреуі шет елге тұрақты тұруға шыққан жағдайда бұл туралы күнтізбелік үш күн мерзімде тікелей басшысына баянатпен баяндайды. Бөлімшенің, органның басшысы шешім қабылдаған баянат кадр қызметіне беріліп, ол қызметкердің жеке ісіне тігіледі.

      Уақтылы ресімдеу, нақтылау, қызметкерлердің есепке алу деректеріндегі өзгерістер мен толықтыруларды тексеру, қажетті материалдар мен құжаттарды жинау қызметі жасақтау мәселелері үшін жауапты кадр қызметінің қызметкерлеріне жүктеледі.

      14. Жеке істердің жай-күйін және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін бақылау жүйелі түрде, кемінде, екі жылда бір рет кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсету және ақаулық ведомосін жасау арқылы жеке істерге ревизиялар жүргізу арқылы кезеңдік жүзеге асырылады.

      Ревизия өткізу, ақаулық ведомосін қалыптастыру және анықталған кемшіліктерді жою жасақтау мәселелеріне жауапты кадр қызметінің қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне) жүктеледі. Ақаулық ведомосінің орындалуын бақылау кадр бөлімшелерінің жұмыскерлеріне жүктеледі, олар бақылау карточкасында осы қызметтің нәтижелерін тіркейді. Бақылау карточкасы әрбір жеке істе болады және қызметкердің барлық қызметі кезеңінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      15. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша істің әрбір бөлімінде сақталатын құжаттар жеке нөмірленеді және тиісті бөлімдердің ішкі тізімдемелеріне нысан бойынша енгізіледі, ішкі тізімдеменің парақтар саны шектелмейді. Әрбір бөлімнің парақтары қарындашпен оң жақ жоғарғы бұрышында нөмірленеді. Бұл ретте жеке істің ішкі тізімдемесінің парақтары нөмірленбейді.

      Жеке істің әрбір бөліміндегі құжаттар хронологиялық тәртіппен орналастырылады. Басында ішкі тізімдемеге қызметкерді қызметке қабылдау кезінде қабылданған немесе ресімделген құжаттар, ал одан әрі хронологиялық тәртіппен олардың кадр қызметіне қабылдануы бойынша енгізіледі.

      Жеке істің әрбір құжаты тізімге жеке енгізіледі. Ішкі тізімдемені кадр қызметінің қызметкері (жұмыскері) жасайды және тиісті бағандағы әрбір құжаттың жанына қол қоя отырып, растайды. Құжаттар мен ішкі тізімдеме парақтарының жалпы саны қызметкер қызметтен шығарылған кезде ішкі тізімнің тиісті бөлімдерінде көрсетіледі, бұл ретте құжаттардың жалпы саны цифрлық және бас әріп тәсілімен көрсетіледі, тізімдемені толтырған кадр қызметі қызметкерінің (жұмыскерінің) лауазымы, тегі және аты-жөні көрсетіледі, оның қолы тізімдемеде кадр қызметінің мөрімен бекітіледі, күні қойылады.

      Ішкі тізімдемеге енгізілген жазбалардың мазмұнына енгізілген өзгерістер (түзетулер) кадр қызметінің есепке алу үшін жауапты қызметкерінің (жұмыскерінің) қолымен және сол бөлімшенің мөрімен расталады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті өткеріп жүрген запастағы офицерлердің қысқартылған әскери істері негізгі жеке іске тігілмеген күйінде тіркеледі.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жеке істерін есепке алу, сақтау және беру (жөнелту)

      16. Қызметкерлердің жеке істерін есепке алуды және сақтауды кадр қызметтері ұйымдастырады. Жеке істер тіркеуге және лауазымға тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін күнтізбелік 15 күн мерзімінен кешіктірілмей кадр қызметінің есепке алу бөлімшесінің қоймасына тапсырылуға тиіс. Осы Қағидаларға сәйкес ресімделген жеке істер ғана сақтауға қабылданады.

      Жеке істерді есепке алу жеке істердің инвентарлық кітабы бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі. Ондағы нөмірлердің саны сақталуға тиіс жеке істердің санына сәйкес келуі қажет. Кітапты өте ұзақ пайдалану мақсатында, әр нөмірдің астында келесі бес жазба үшін орын көзделеді. Түгендеу кітабында жеке іс ескерілген нөмір жеке істің сыртқы бетіне қойылады. Жеке істер нөмірлердің реті бойынша сақталады.

      Жеке істерге түгендеу кемінде екі жылда бір рет жүргізіледі (жеке істерді түгендеу кітабындағы жазбалармен бар-жоғын салыстырып тексеру), ол туралы түгендеу кезіндегі іс саны көрсетілетін қолдағы жеке істердің актісі жасалады.

      17. Жеке істер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) талаптарына жауап беретін сөрелермен, сейфтермен, шкафтармен жабдықталған жеке бөлмеде (қоймада) сақталады.

      18. Жеке істерді есепке алу және сақтау үшін жауапкершілік кадр қызметінің құпия жұмыстар мен құжаттарға тиісті рұқсаты бар арнайы бөлінген қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне) жүктеледі.

      19. Егер кейіннен жеке істермен жұмыс істеу барысында жазбаларда дәлсіздіктер мен бұрмалаулар анықталса, оларға енгізілген құжаттардың негізінде түзетулер енгізіледі. Барлық түзетулер кадр қызметінің мөрі қойыла отырып, жеке істерді есепке алуға және сақтауға жауапты адамның қолымен расталады.

      20. Жеке істерден құжаттарды алуға, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделмеген құжаттарды сақтауға жол берілмейді. Жеке істегі құжаттардың көшірмелерін түсіру кадр қызметі басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның рұқсатымен ғана жүргізіледі. Мұндай жағдайларда түпнұсқалық құжатқа көшірмелер кім үшін және қашан түсірілгендігі көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы қызмет) Төрағасының номенклатурасы бойынша лауазымға тағайындалған қызметкерлердің жеке істері Агенттіктің Кадр қызметінде сақталады. Жеке істер бойынша кадрларды дербес есепке алу жүзеге асырылатын кадр бөлімшелерінде аталған қызметкерлердің жеке істерінің телнұсқалары ресімделеді. Жеке істің түпнұсқасында көшірмелер түсіру туралы белгілер жүргізілмейді. Жеке істің оң жақ жоғарғы бұрышында "Телнұсқа" деген белгі қойылады. Қызметкер қызметтен шығарылғаннан кейін жеке істің телнұсқасы кадр қызметінде бір жыл бойы сақталады, одан кейін "Ұлттық архив қоры және архивтер" атты 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі - Ұлттық архив туралы заң) белгіленген тәртіпте жойылады.

      21. Жеке істерді беруді (жөнелтуді) кадр қызметінің қызметкерлері (жұмыскерлері) орган басшысы орынбасарының жазбаша нұсқауымен (рұқсатымен) жүзеге асырады.

      Орган басшысының немесе кадр қызметінің уәкілетті басшысының сұрауын бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметкерді сипаттайтын материалдар (қызметтік тізімнің көшірмесі, соңғы аттесттаттаудың қорытындысы, еңбек сіңірген жылдарын есептеу) жіберіледі.

      Іссапарға жіберілген қызметкерлерге жеке істер олардың жаңа жұмыс орындарына қызметке жіберу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Жеке істер кадр қызметінің қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне) уақытша қолдану үшін жұмыс күнінің соңына дейін беріледі, одан кейін қоймаға тапсырылады.

      Жеке істерді есепке алу және сақтау үшін жауапты адам жеке істерді уақытша пайдалану үшін беруді (жөнелтуді) белгілеуді әрбір жеке істегі бақылау карточкасында осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді. Берілген (жөнелтілген) жеке істердің бақылау карточкалары арнайы картотекада нөмірлік тәртіппен сақталады.

      Жеке істі қайтарғанда оған қайтарылған күні мен қабылдаған адамның қолы қойыла отырып, бақылау карточкасы салынады. Жеке істер тиісті сұрау салулар бойынша кемінде бір ай мерзімге жіберіледі, ерекше жағдайларда мерзімі жазбаша сұрау салу бойынша ұзартылады.

      Түгендеу кітабында жеке іс қашан, қайда және қандай шығыс нөмірімен жіберілгені көрсетіле отырып тиісті жазба жүргізіледі. Қызметке жіберілген қызметкерлердің жеке істерінің бақылау карточкалары Ұлттық архив Заңымен белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

      22. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен шығарылған қызметкерлердің жеке істері ведомстволық архивтерге сақтауға тапсырылады. Қызметтен шығарылған қызметкерлердің жеке істерін ресімдеу және беру тәртібі мен мерзімдері Нұсқаулықтың талаптарына және Ұлттық архив туралы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қайта орналасу туралы мәселені шешу кезінде қызметтен шығарылған қызметкерлердің архивтік жеке істерінің тігілуі бұзылмайды, өзгерістер тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін енгізіледі.

      23. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығымен бекітілген Еңбек кітапшаларының жүргізу және сақтау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12621 болып тіркелген) сәйкес кадр қызметінде еңбек кітапшаларын және олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі, онда қызметке тұру кезінде қызметкерлерден қабылданған барлық еңбек кітапшалары, сондай-ақ жаңадан қабылданған қызметкерлерге берілген еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парағы тіркеледі. Еңбек кітапшаларын тіркеу нөмірі қызметтік немесе жеке карточкада және жеке істің конвертінде тіркеледі.

      Қызметтен шығарылуына байланысты еңбек кітапшасын алу кезінде қызметкер Еңбек кітапшаларының және олардың қосымша парақтарының қозғалысын есепке алу кітабына қол қояды. Қызметкерлер қызметтен шығарылған кезде немесе олар қаза болған жағдайда, жақын туыстары алмаған еңбек кітапшалары кадр бөлімшесінде екі жыл бойы сақталады. Аталған мерзім өткеннен кейін сұратылмаған еңбек кітапшалары ведомстволық архивте 50 жыл сақталады, содан кейін Ұлттық архив туралы Заңмен белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

      24. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен шығарылған қызметкерлерге тиісті кадр қызметтері оларға қызметтен шығарғаны туралы жазбалар енгізе отырып еңбек кітапшаларын береді, әскери билеттері қайтарылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) сәйкес ұйғарымды береді.

      Кадр қызметі күнтізбелік 30 күн ішінде запастағы офицерлердің қысқартылған әскери істерін (олар бар болған кезде) (жетонымен бірге) тұратын жері бойынша әскери басқару органына жібереді.

      Бұл ретте жеке істің конвертінде сақталатын құжаттардың тізімдемесінде жеке істің мұқабасының екінші ішкі жағында жеке құжаттарды бергені туралы жазба жүргізіледі, оны алған адам өз қолын қойып растайды. Еңбек кітапшалары мен олардың қосымша парақтарының қозғалысын есепке алу кітабында еңбек кітапшасын алғаны туралы қосымша тиісті жазба енгізіледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке дейін әскери есепте тұрмаған әйел қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен шығарылғаннан кейін әскери есепке қою үшін жіберу туралы ұйғарым берілмейді.

      25. Еңбек кітапшасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы жазбалар енгізу кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет:

      1) атқарып отырған лауазымдарының ауыстырылуы мен қызметтен шығарылатын адам қызмет өткерген аумақтық бөлімшелерінің атаулары енгізілмейді;

      2) еңбек кітапшасының тиісті бағандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте болу уақытындағы барлық марапаттаулары мен көтермелеулері туралы мәліметтер енгізіледі;

      3) тәртіптік жазалары туралы мәліметтер еңбек кітапшасына жазылмайды;

      4) қызметкерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен шығару негіздемесі, Заңның тармағы және бабы еңбек кітапшасында көрсетілмейді;

      5) қызметке қабылдау, қызметтен шығару, марапаттаулар мен көтермелеулер (күні мен айы екі таңбалы сандармен, жыл толығымен көрсетіледі) туралы барлық жазбалар тиісті бұйрықтарға сілтеме жасай отырып, араб цифрларымен жүргізіледі.

      Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен шығу кезінде еңбек кітапшасына енгізілген қызметі (жұмысы), марапаттаулары мен көтермелеулері туралы барлық жазбалар кадр қызметі басшысының (немесе оны алмастыратын тұлғаның) қолымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органының кадр қызметінің мөрімен расталады.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Кепілхат

      Маған, _________________________________________________________

      (аты, тегі, әкесінің аты (бар болғанда))

      "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат берілген немесе бұрын рұқсат берілген лауазымды адамы немесе азаматы өзінің құқықтары жөнінен уақытша 5 жыл (мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтермен жұмысты тоқтатқаннан кейін) мерзімге республикадан тыс жерлерге шығу құқығына шектелетінім туралы;

      мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткенім үшін туралы заңдарды бұзғаным үшін және осындай мәліметтерді тұратын құжаттарды жоғалту және басқа да құпиялылық тәртібін бұзғаным үшін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап беретіндігім туралы ескертілді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның iшiнде құқық қорғау қызметiн тоқтатқаннан кейiн де, ол жөнiнде қолхат бере отырып, заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға міндеттенемін.

      20 __ жылғы "____" _____________ Қолы ________________

      Кадр қызметінің қызметкері (жұмыскері)

      ___________________________________________________

      20 __ жылғы "____" _____________ Қолы ________________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Міндеттеме

      Маған, _________________________________________________________

      (аты, тегі, әкесінің аты (бар болғанда))

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері бола отырып, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 және 17-баптарына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес,

      - уәкілетті органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестіктер құруға;

      - педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

      - кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

      - заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша уәкiл болуға;

      - өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

      - ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

      - лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға;

      - пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу арқылы қызмет бабын пайдалануға;

      - өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын қызметіне тікелей бағынысты лауазымды атқаруға;

      - мемлекеттік қызметті атқарумен сәйкес келмейтін іс-әрекетті жүзеге асыруға;

      - мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу немесе қолдану мақсатында ресми тартатылуға жатпайтын қызметтік және басқа ақпараттарды пайдалануға құқығымның жоқ екендігі туралы ескертілдім.

      Одан басқа:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;

      - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге;

      - заңмен көзделген тәртіп пен мерзімде жеке және тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

      - өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;

      - қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға;

      - өзіме "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және құқық қорғау қызметінде болумен байланысты шектеулерді қабылдауға;

      - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптарын сақтауға;

      - басшылардың заңды бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

      - мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде құқық қорғау қызметін тоқтатқаннан кейін де ол жөнінде қолхат бере отырып, заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға;

      - қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

      - мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      - қызметкердің жеке мүддесі өзінің өкілеттігімен ұштасатын немесе оған қайшы келетін жағдайларда, жазбаша нысанда баянат беруге және тікелей және уәкілетті басшыны дереу хабардар етуге;

      - өзінің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

      - мемлекеттік қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге;

      - Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергендігі туралы оны берген күні өзімнің тікелей басшыма хабарлауға;

      - салық органына тұрғылықты жерім бойынша кірістер туралы салық объектісі болып табылатын декларациялар тапсыруға;

      - қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өзімнің меншігімдегі, пайдаланылуы табыс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды;

      - мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін нотариалды куәландырылған күннен бастап, он күн мерзім ішінде кадр қызметіне ұсынуға, ал мүлікті сенімгерлік басқару шартын тараптардың бірі бұзған жағдайда, бір ай мерзім ішінде кадр қызметіне хабарлауға, сенімгерлік басқарылуға тиіс мүлікті шарт бұзылған күннен бір ай мерзімде қайтадан сенімгерлік басқару беріп, қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыс орны бойынша кадр қызметіне нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға;

      - лауазымдық өкілеттіктерімді жүзеге асыру кезінде адал және саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің жұмысынан тәуелсіз болуға;

      - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық органдарының ақпараттық қорларымен жұмыс барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттетенемін.

      20 __ жылғы "____" _____________ Қолы ________________

      Кадр қызметінің қызметкері (жұмыскері) _________________

      20 _жылғы "____" _____________ Қолы ________________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтік әдеп қағидалары) сақтау жөніндегі міндеттеме

      Мен, ________________________________________________________,

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкері бола отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Әдеп кодексі) таныстым және онда белгіленеген мінез-құлық стандарттары қабылдаймын, Әдеп кодексімен қөзделген талаптарды бұзғаным үшін, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мені жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы ескертілдім.

      20 __ жылғы "____"_______________ Қолы _________________

      Кадр қызметінің қызметкері (жұмыскері)

      _______________________________________________________

      20 __ жылғы "____"_______________ Қолы _________________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

  Нысан
  Құпия
  (толтырылуы бойынша)

      №_______жеке іс

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      /тегі, аты, әкесінің аты /бар болғанда//

      I БӨЛІМ

      1) қызметтік тізім;

      2) қызмет өтілін анықтау жөніндегі комиссияның қорытындысы.

      II БӨЛІМ

      1) Аттестаттау парақтары;

      2) қызмет кезеңіндегі қызметтік мінездемелер;

      3) біліктілік сыныбын белгілеуге ұсынулар (төмендету, қайта қалпына келтіру);

      4) кезекті біліктілік сыныптарын беруге ұсынуларды кешіктіріп беру туралы шешім;

      5) қызметі бойынша ауыстыруға ұсынулар мен баянаттар;

      6) қызметтен шығаруға ұсынулар мен баянаттар;

      7) қызметтен босату туралы хабарлама;

      8) наградтау парақтары, көтермелеу (наградтау) туралы ұсынулар.

      III БӨЛІМ

      1) Құқық қорғау органына қабылдау туралы өтініш;

      2) өмірбаяндар (өз қолымен жазылған және басылған түрде, кадр қызметі қызметкерінің (жұмыскерінің) қолымен расталған);

      3) сауалнама (кадр қызметінің мөрімен расталған фотосуретпен);

      4) құқық қорғау органына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау туралы қорытынды;

      5) қызметке түсуге дейінгі ұсынылатын мінездемелер (қызметтік, оқу және басқалары);

      6) конкурстық комиссия материалдары (мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасының заңнамасын және жеке құзыретін тестілеу нәтижелері; дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері, полиграфологиялық зерттеу нәтижелері, конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамаларынан үзінділер);

      7) округтік әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасы;

      8) мемлекеттік және қызметтік құпиялардан тұратын мәліметтерді ашпау туралы жазылым және міндеттеме;

      9) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген шектеулер бойынша мемлекеттік қызметшінің міндеттемелері;

      10) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтау жөніндегі міндеттеме;

      11) қол қойылған Ант мәтіні;

      12) жедел-тыңшылық жұмыс қорытындысы (рұқсат қағазы);

      13) мемлекеттік құпияларға рұқсат беру туралы шарт (келісімшарт).

      №________ жеке іс

      IV БӨЛІМ

      Архив материалдары

      __________________________________________

      __________________________________________

      __________________________________________

      /тегі, аты, әкесінің аты /бар болғанда//

      1) ескірген қызметтік тізімдер;

      2) ескірген өмірбаяндар мен сауалнамалар;

      3) қызметкердің баянаттары;

      4) қызметтік тексерістер мен тергеулердің қорытындылары мен материалдары;

      5) жеке құрам жиналыстарының шешімдері мен хаттамалары және басқалары;

      6) әскери-дәрігерлік комиссияның ескірген анықтамалары, денсаулық жағдайы туралы, жарақаттар мен контузиялар туралы анықтамалары;

      7) қызметкердің қызметі бойынша басқа жерге ауысуы жөніндегі жолдаманың үшінші бөлігі;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мерзімін ұзарту туралы қолдаухат және баянат;

      9) қызмет бойынша ауысу кезіндегі ұсынымдар;

      10) кадр резервіне қабылданған үміткерлермен жұмыс жөніндегі материалдар;

      11) сертификаттардың көшірмелері (арнайы бастапқы дайындық оқуын бітіргені, қайта даярлау курстарын, біліктілікті арттыру және басқа да мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының бюджеті есебінен ақылы курстарды бітіргені туралы және басқалары);

      12) тестілеудің, дене шынықтыру бойынша нормативтер тапсыру ескірген нәтижелері;

      13) жеке істің өзекті емес жағдайдағы басқа да материалдары.

      №________ жеке іс

      V БӨЛІМ

      Зерделеу және арнайы тексеру материалдары

      __________________________________________

      __________________________________________

      __________________________________________

      /тегі, аты, әкесінің аты /бар болғанда//

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жеке іс конвертіндегі құжаттардың тізімдемесі

Құжаттың атауы

Парақ саны

Құжатты алған адамның қолы

Ескертпе






Жеке іске қосымша құжаттар

Парақ саны

Кадр қызметі қызметкерінің қолы және күні

Жеке істің телнұсқасы



Зерделеу және арнайы тексеру материалдары



Архив материалдары



Запастағы офицердің қысқартылған жеке ісі



  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) Қызметтік тізім Послужной список

      Личный номер № _________________ жеке нөмірі

      ________________________________________________

      тегі/фамилия/

      ________________________________________________

      /аты, әкесінің аты /бар болғанда// /имя, отчество, (при его наличии)/

Біліктілік сыныбы
Квалификационный класс

Біліктілік сыныбын белгілеу туралы кімнің бұйрығы, күні, нөмірі
Дата, номер и чей приказ об установлении квалификационного класса

Арнаулы (әскери) атағы
Специальное
(воинское) звание

Біліктілік сыныбын белгілеу туралы кімнің бұйрығы, күні, нөмірі
Дата, номер и чей приказ об установлении квалификационного класса









1. Туған жылы, күні, айы/Сведения о дате рождения


2. Туған жері/Место рождения


3. Ұлты/Национальность


4. Білімі (оқу орындарының атауын және оны аяқтаған жылдарын, мамандық атауын және біліктілігін, диплом № тізбектеп көрсету керек)/Образование (указать в последовательном порядке наименование учебных заведений и год их окончания, наименование специальности и квалификации, № диплома)

Орта білімнен кейінгі/Послесреднее


Жоғары/Высшее


Жоғары оқу орнынан кейінгі/
Послевузовское


5.Тілдерді білуі/Знание языков


6. Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы туралы мәліметтер/Сведения об ученой степени и ученом звании


7. Ғылыми еңбектері мен өнер-табыстарының болуы туралы мәліметтер/Сведения о наличии научных трудов и изобретений


      8. Дербес еңбек қызметі (1 бетте)/Самостоятельная трудовая деятельность (на 1 странице)

Күні / Дата

Жұмыс орны (мекеменің немесе кәсіпорынның атауы) және атқарған лауазымы, қызмет түрі/
Место работы (занимаемая должность, наименование подразделения, учреждения или предприятия)

Аудан, қала, облыс, ел/
Район, город, область

Қай уақыттан бастап (жылы, күні, айы)/
С какого времени (число, месяц, год)

Қай уақытқа дейін (жылы, күні, айы)/
По какое время (число, месяц, год)













      9. Қызмет өткеру (8 бетте)/ Прохождение службы (на 8 страницах)

Қай уақыттан бастап (жылы, күні, айы)/
С какого времени (число, месяц, год)

Қай уақытқа дейін (жылы, күні, айы)/
По какое время (число, месяц, год)

Лауазым/
Должность

Құрылым, қызмет атауы, бөлімі/
Часть, соединение, наименование службы, подразделения

Кімнің бұйрығы, бұйрықтың №, және күні/
Чей приказ, номер и дата приказа











      10. Жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарына жататын қызмет кезеңдері (1 парақта)

      Периоды службы, подлежащие зачету в выслугу лет на льготныхусловиях (на 1 странице)

      Зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына/Период службы в выслугу лет для назначения пенсии с _____________ бастап по __________________ дейін қызмет кезеңі жеңілдік жағдайларында: бір ай/считать на льготных условиях: один месяц за __________________ болып есептелсін/месяца.

      Негіз/Основание:

      _________________________________________________________________

      (басшыларының (әскери бөлімдер командирлерінің) бұйрықтары)

      приказы руководителей (командиров воинских частей))

      11. Даярлық, біліктілігін арттыру және қайта даярлау/ Подготовка, повышение квалификации и переподготовка

Оқыту түрі/
Вид обучения

Оқу кезеңі/
Период обучения

Оқу орны/
Место обучения

Оқуды бітіргені туралы құжаттың деректемелері/
Реквизиты документа об окончании обучения

















      12. Аттестаттаудан өткені туралы мәліметтер/Сведения о прохождении аттестации

Өткізген күні/
Дата проведения

Аттестаттау қомиссиясының шешімі/
Решение аттестационной комиссии

Ұсынымдар/
Рекомендации

Ескертпелер/
Примечание









      13. Марапаттар мен көтермелеулер (4 бетте)/Награды и поощрения (на 4 страницах)

Немен марапатталды/көтермеленді/
Чем награжден/поощрен

Қандай еңбектері үшін марапатталды/көтермеленді/
За что награжден/поощрен

Негіздеме (кімнің бұйрығы, күні, нөмірі)/
Основание (чей, номер и
дата приказа)













      14. Тәртіптік жазалар (4 бетте)/Дисциплинарные взыскания (на 4 страницах)

Кімнің бұйрығы, күні, нөмірі/
Чей приказ, номер и дата

Қандай жаза салынды және не үшін/
Какое наложено взыскание и за что

Жазаның алынып тасталғаны туралы белгі/
Отметка о снятии взыскания







      15. Қызметкердің қызметтік міндеттемелерін немесе қызметтік борышын атқару кезінде алған жарақаттары, контузиялары, зақымдары, мертігуі, сырқаттары туралы мәліметтер (1 бетте)/Сведения о ранениях, контузиях, травмах, увечьях, заболеваниях, полученных сотрудником при исполнении им служебных обязанностей или служебного долга (на 1 странице)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      16. Шетелде болуы/Пребывание за границей

Ел, қала/
Страна, город

Сапардың мақсаты/
Цель поездки

Болу кезеңі/
Период
пребывания

Жазба үшін негіздеме/
Основание для записи





















      17. Қызметкердің ата-анасы туралы мәліметтер (1 бетте)/Сведения о родителях сотрудника (на 1 странице)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      18. Отбасы жағдайы туралы мәліметтер /Сведения о семейном положении

Жұбайының /зайыбының/ балаларының тегі, аты, әкесінің аты
Фамилия, имя, отчество ( при его наличии) жены/мужа/детей

Туыстық дәрежесі/
Степень родства

Туған жылы, күні, айы және жері/
Число, месяц, год и место рождения

Жазба үшін негіз/
Основание для записи

Ескертпе/
Примечание
















      19. Қызметкердің тұрғылықты мекенжайы/Адрес места жительства сотрудника

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қызметтік тізімді жасаған/Послужной список составил:

      ____________________________________________________________________

      /кадр қызметі қызметкерінің (жұмыскерінің) лауазымы, тегі және аты-жөні/

      ____________________________________________________________________

      /должность, фамилия и инициалы сотрудника (работника) кадровой службы

      20_____жылғы "____"_____________

      "____" ____________ 20___ г.

      БЕКІТЕМІН/Утверждаю

      __________________________________________________________

      __________________________________________________________

      /кадр қызметінің басшысының біліктілік сыныбы, тегі және аты-жөні/

      /руководитель кадровой службы, квалификационный класс, фамилия и инициалы/

      М.О./М.П.

      20____ жылғы "____" _________

      20____ жылғы "____" _________

      20____ жылғы "____" ________________

      20____ жылғы "____" ________________

      Жазылған мәліметтердің дұрыстығын растау қолхаты _________

      Расписка в подтверждении правильности записанных сведений________

      "_____" _________ 20___ года.

      "_____" __________ 20___ года.

      "____" _________________ 20___ года.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      Бекітемін

      _________________________________________________________________

      (кадр қызметінің басшысы)

      20 __ жылғы "____"________________

      Өмірбаянды тексеру бойынша қорытынды

      Мен, _________________________________ 20__ жылғы "___" _______

      (қызметкердің біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      ______________________________________________________________

      зайыбының (жұбайының) қосымша өмірбаяндық тексеру материалдарын қарап,

      мыналарды ___________________________________________________

      Анықтадым:

      Зайыбының (жұбайының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Туған жылы _____________ Туған жері _____________________________

      ______________________________________________________________

      Тексерілетін туыстарын жедел есептер бойынша тексеру

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және туыстық дәрежесі көрсетілсін)

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Мынадай деректер келіп түсті____________________________________

      (осы мәліметтердің мазмұны және олардың қайдан келіп түскені, нақты әрбір адамға жеке көрсетілсін)

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Айтылғанның негізінде __________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (жұмысқа жіберу, бас тарту және тағы басқа)

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      болады деп ұйғарамын.

      _________________________________________

      (қолы)

      Келісемін:

      Басшы ___________________________________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Жеке істің ресімделуін бақылау карточкасы

      _________________________________________________

      _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))

Тексеру күні

Жеке істің жай-күйі

Жеке істі жүргізуге жауапты адамның лауазымы, қолы




  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

№ ___ жеке іс құжаттарының ішкі тізімдемесі

р/с №

Құжаттың нөмірі

Құжаттың күні

Құжаттың тақырыбы

Іс парақтарының нөмірлері

Ескертпе







      Барлығы _________________________________________________ құжат

      (цифрлармен және жазумен)

      Ішкі тізімдеменің парақ саны_____________________________________

      (цифрлармен және жазумен)

      Іс құжаттарының ішкі тізімдемесін толтырған адамның лауазымы

      ______________________________________________________________

      қойылған қолдың толық жазылуы (өз қолы)

      Күні _________________________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Жеке істерді түгендеу кітабы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      /органның атауы/

      Басталды:

      Аяқталды:

Жеке іс

Тегі, аты, әкесінің аты

Келіп түскен күні

Есептен алу туралы белгі

1




2




3




4




  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

№ _______ жеке істің бақылау карточкасы

      ____________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты

Берілген немесе жіберілген күні

Кімге берілді немесе жіберілді

шығыс №


Алушының қолы

Қайтарылған күні

Сақтауға қабылдап алған адамның қолы








      Бақылау карточкасының сыртқы беті

Берілген немесе жіберілген күні

Кімге берілді немесе жіберілді

шығыс №

Алушының қолы

Қайтарылған күні

Сақтауға қабылдап алған адамның қолы







  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерінің дербес
деректері жазылған жеке істерін
жүргізу қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Еңбек кітапшаларының және олардың қосымша парақтарын есепке алу кітабы

р/с№

Еңбек кітапшасы қабылданған немесе толтырылған күні

Еңбек кітапшасы иесінің аты-жөні

Еңбек кітапшасын тапсырған немесе оған толтырылған қызметкердің лауазымы

Шығарылған кезде еңбек кітапшасының қолына берілген күні және негізі

Еңбек кітапшасын алған уақытындағы қызметкердің қолхаты

Ескертпе

Жылы

Күні

Айы

1.









2.









  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 2-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 55-бабына сәйкес әзірленген және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) көтермелеулер қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Қызметкерлерге лауазымдық мiндеттемелерiн үлгiлi атқарғаны және қызметтік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Заңның 55-бабымен көзделген көтермелеулерден басқа, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы (бұдан әрі – Агенттік) көтермелеулердің мынадай түрлерін қолданады:

      1) Агенттік Төрағасының алғыс хатымен марапаттау;

      2) атқарып отырған штаттық лауазымымен көзделген бір саты жоғары біліктілік сыныбын немесе кезектен тыс біліктілік сыныбын белгілеу.

      Көтермелеу уәкілетті басшының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшелері басшыларының Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген ұсынудың негізінде жүргізіледі.

      3. Қызметкерді көтермелеудің түрін айқындау кезінде қызметкердің сіңірген еңбегінің сипаты немесе ерекшелігі, сондай-ақ оның қызметіне деген бұрынғы қатынасы ескеріледі. Көтермелеулер қызметтік жұмысты бағалау, қызметкерлерді тәрбиелеудің және қызметтік тәртіпті нығайтудың пәрменді құралы болып табылады.

      4. Қызметкерді көтермелеу кезінде көтермелеулер иерархиясы сақталады.

      5. Көтермеленгені туралы қызметкердің жеке өзіне, саптың алдында немесе мәжілістерде жарияланады.

      6. Қызметкерді көтермелеулерді есепке алуды кадр қызметі жүргізеді.

      7. Бұйрықтармен жарияланған барлық көтермелеулер қызметкердің жеке ісіне енгізіледі.

      8. Қызметкерлерді көтермелеу туралы бұйрықтардың түпнұсқалық (бірінші) даналары осы бұйрықтарды шығарған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте сақталады. Бұйрықтардың көшірмелері немесе олардың үзінді-көшірмелері бұйрықтарда көрсетілген аумақтық органдарға жіберіледі.

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 3-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары

      1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) 57-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тәртіптік жазалар тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылады.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің (бұдан әрі - қызметкер) тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза салу үшін негіз болып табылады.

      Тәртіптік теріс қылық – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі қағидаларын) бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы.

      4. Қызметкерлер қызметтік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды, өзінің қызметтік міндеттемелерін адал, бейтарап және сапалы атқарады, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдаланады.

      Еңбек тәртібін сақтау мәселелерін қарау кезінде еңбек тәртібін сақтау, қызметіне келу уақыты, жұмыс орнында болмауының заңдылығы ескеріледі. Осыларды ескере отырып, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы (ауруы), сондай-ақ, жұмыс орнында болмауының басқа себептері бойынша тікелей басшысын және кадр қызметін емделуден өтіп жатқан медициналық мекемесі туралы жұмыстан уақытша босатылуына құқық берілуін дәлелдейтін құжатты рәсімдеген сәттен бастап күнін көрсете отырып, дереу хабардар етеді.

      5. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін анықтау кезінде қызметкердің кінәсінің болуы, жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайы, қызметкердің жеке басы және оның қызметке қатысы, теріс салдардың болуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының беделіне нұқсан келтіруі ескеріледі.

      6. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметкер өзінің тәртіптік теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда уәкілетті адам осы Қағидалар мен шарттардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік тергеу жүргізбей-ақ, жаза қолданады.

      7. Қызметтік тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша жеке қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлерінің жазбаша баянаты негізінде жүргізіледі.

      8. Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде тәртіптік теріс қылық жасағаны жөніндегі фактімен келіспесе, онда қызметтік тергеу жүргізіледі.

      9. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату және қызметінен шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Тәртіптік комиссиясының (бұдан әрі – Тәртіптік комиссия) тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады.

      Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату түріндегі жаза сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының жанындағы алқа немесе жедел мәжілістің шешімі негізінде қолданылады.

      10. Егер жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайын, қызметкердің жеке басын, оның қызметке қатынасын, туындаған салдарлардың болуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының беделіне нұқсан келтіруін ескерген жағдайда, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату немесе жұмыстан шығару сияқты тәртіптік жазалардың түрлері қолданылуы қажет болса, онда қызметтік тергеу қорытындысы міндетті түрде тек Тәртіптік комиссияның қарауына шығарылады.

      Қызметтік тергеу қорытындыларын аппараттық, жедел немесе басқа да мәжілістерде қарауға жол берілмейді.

      11. Қызметтік тергеудің қызметкерді ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымы бар материалдары, оның келісімі болатын кезде ғана Тәртіптік комиссияның қарауына шығарылмайды.

      12. Бірнеше қызметкер бірлесіп тәртіптік теріс қылық жасаған кезде, жаза әрқайсына жеке-жеке қолданылады.

      13. Қызметтік тәртiптiң бұзылуының әрбiр жағдайы үшiн бір тәртіптік жаза ғана қолданылады.

      14. Жаза қолдану міндеттемелерін атқармай немесе тиісінше атқармай тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерді міндеттерін орындаудан босатпайды.

      15. Жазаға тартылған қызметкерге бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қолын қойдыра отырып, қабылданған шешім туралы хабарланады. Қызметкер тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен танысудан бас тартқан немесе танысқанын өз қолымен растаудан жалтарған жағдайда, қызметкердің бұйрықпен танысудан бас тартқанын немесе танысудан жалтару фактісін, оның лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), бөлімшенің атауын, күнін, актіні толтырған кезде қатысқан қызметкерлердің лауазымдарын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, акті толтырылады.

      Қызметкерді тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жазалау туралы бұйрықтың көшірмесі хабарламамен бірге хат арқылы қызметкерге жіберіледі.

      Тәртіптік жаза қолданылған қызметкер басқа өңірде қызмет өткерген кезде бұйрықты шығарған күні жұмыс орны бойынша тәртіптік жазалау туралы бұйрықтың көшірмесі жіберіледі. Аумақтық органның кадр қызметі қызметкерді таныстырады.

      16. Жаза тәртіптік теріс қылық мәлім болған күннен бастап бір айдан және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданылады.

      Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс әрекет жасалған жағдайда, тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық мәлім болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей салынады.

      Қызмет бабында қызметкер бағынатын адамға тәртіптік жаза қолдану құқығы берілгеніне не берілмегеніне қарамастан, тәртіптік теріс қылық жасалғаны туралы белгілі болған, белгіленген мерзімді есептеу басталатын күн тәртіптік теріс қылық байқалған күн болып есептеледі.

      17. Қызметкерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайларда, кінәлінің ауырғанына байланысты жұмыста болмауы немесе демалыста, іссапарда болуы уақытын есептемегенде, тиісінше тергеп-тексеру аяқталған, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы процестік шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тәртіптік жазалау қолданылады.

      18. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс қысқартылған жағдайда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде тәртіптік жаза қылмыстық іс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.

      19. Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, бірақ адамның іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері болған жағдайда, тәртіптік жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.

      20. Қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз, демалыста немесе iссапарда болған кезеңде, іссапарға жіберу оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ егер тәртіптік терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан астам уақыт өтсе, оған тәртiптiк жаза қолданылмайды.

      21. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңi, демалыста, iссапарда болу, уәкілетті органдардың және лауазымды адамдардың шешімдеріне, актілері мен ұсынымдарына, тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болып табылатын қызметтік тексеру актілеріне (қорытындыларына, нәтижелеріне) шағым жасау кезеңінде, егер жасалған тәртіптік терiс қылық туралы осы кезеңде немесе ол басталғанға дейiн белгiлi болса, жаза қолдану мерзімі тоқтатыла тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің немесе арнайы зерттеулердің (сараптамалардың) нәтижелері болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру және жаза қолдану мерзімінің қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін.

      22. Жеке қауіпсіздік бөлімшесі қызметтік тергеудің жазбаша нысанда тіркелген мәліметтерден тұратын материалдар мен қорытындының көшірмелерін кадр қызметіне береді.

      Тәртіптік жауапкершілік мәселесіне бастамашы болған жағдайда, Агенттіктің аумақтық органдары немесе оның құрылымдық бөлімшелері кадр қызметіне ұсыным, жедел мәжіліс хаттамасын және түсініктемелерді ұсынады.

      23. Қызметкер өзін тәртіптік жауапкершілікке тартумен байланысты барлық материалдармен танысуға құқылы.

      24. Қызметкерге қолданылған тәртiптiк жазаның мерзiмi оның қолданылған күнінен бастап алты айдан аспайды. Егер осы мерзiм iшiнде қызметкер жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда оның тәртiптiк жазасы жоқ деп есептеледi.

      25. Заңның 56-бабы 2-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларымен көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылықты қоспағанда, әрбір тәртіптік теріс қылық бойынша мерзімі мен мазмұны бойынша, сондай-ақ бақылауға жататын нақты іс-шараларды, оның ішінде:

      1) ұйымдастырушылық-басқарушылық сипаттағы (теріс қылықты жасауға ықпал еткен факторларды, себептер мен жағдайларды, оның ішінде қызметтік жүктемені талдау мен бағалау);

      2) теріс қылықты жасаған қызметкердің кәсіби біліктілігін арттыру (қызметкерді тәртіпке және іс-қимылдардың мазмұнына, оның ішінде жұмыс орнында оқытуды ұйымдастыру жолымен үйрету);

      3) тәрбиелік сипаттағы (құқықтық үгіт-насихатты ұйымдастыру, алдын алу-профилактикалық шараларды жекелей түрде жүргізу) шараларды көздейтін Кемшіліктерді жою жоспары (бұдан әрі – Жоспар) міндетті түрде әзірленеді.

      26. Жоспарды әзірлеу, ұйымдастыру мен іске асыру тәртіптік теріс қылықты жасауға жол берген қызметкердің тікелей басшысына жүктеледі.

      27. Жоспарда көрсетілген кемшіліктерді қызметкер жойған кезде, міндеттерін үлгілі орындаған жағдайда, сондай-ақ қызметтік іс-әрекетінде елеулі нәтижелерге жеткен болса, тікелей басшы бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын, бірақ оны қолданылған күнінен бастап үш ай өткен соң марапаттау тәртібімен алып тастау туралы өтінішхат енгізе алады.

      Ерекше жағдайларда, қызметкер аса маңызды нәтижелерге жеткені үшін, сондай-ақ мемлекетке сіңірген еңбегі мен ерлігі үшін тікелей басшы Жоспарды орындау нәтижелерін есепке алмай, бұрын қолданылған жазаны алып тастау туралы өтінішхат енгізеді.

      28. Тәртіптік жазаны алуды оны қолданған уәкілетті адам жүргізеді.

      29. Атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда, бұдан әрі ауысуы және (немесе) қызмет бойынша ілгерілеуі Заңмен көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      30. Салынған тәртіптік жазалар туралы жазаланған қызметкерлердің жеке істеріне мәліметтерді міндетті түрде енгізе отырып, жеке құрамның назарына жеткізіледі.

      31. Өзіне қолданылған тәртіптік жазаға келіспеген жағдайда, қызметкер одан жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдана алады.

      Жаза салу туралы шешімге шағымдану оны орындауға келтіруді тоқтатпайды.

      32. Бұйрықтармен жарияланған барлық тәртіптік жазалар қызметкердің жеке ісіне енгізіледі.

      33. Қызметкерлерді жазалау туралы бұйрықтардың түпнұсқалық (бірінші) даналары осы бұйрықтарды шығарған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте сақталады.

      Жазалау туралы бұйрықтардың көшірмелері немесе олардың үзінді-көшірмелері бұйрықтарда көрсетілген аумақтық органдарға жіберіледі.

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 4-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 46-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін айқындайды.

      2. Қызметкерді (бұдан әрі - қызметкер) атқарып отырған лауазымынан босату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарамағына енгізу Агенттік Төрағасының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Ерекше мән-жайлардан туындаған айрықша жағдайларда бұл мерзімді Агенттік төрағасы екі айға дейін ұзартады.

      3. Қызметкердің Агенттіктің немесе оның аумақтық органының қарамағында болуы штаттық лауазымды ауыстырумен байланысты емес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткеруі болып табылады.

      4. Қызметкердің қарамағында болу мерзімі келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) Заңның 71-бабымен белгіленген еңбек демалысында;

      2) денсаулық сақтау ұйымдарында (әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы бойынша тексерілу) емделу барысында;

      3) алдыңғы қызмет атқарған жерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарамағына енгізілген тиісті аумақтық орган орналасқан орынға дейін жерге жол журу кезінде;

      4) сырттай немесе кешкі оқыту нысаны жағдайында, білім беру ұйымдарының оқу-емтиханы сессияларында;

      5) қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты, қылмыстық істің ақтау негізімен қысқартылуы немесе ақтау үкімімен қамаққа алынған күнінен босатылған күнді қоса алғанда.

      5. Қарамағына алынған қызметкердің жұмыс уақытын бақылауды және есептеуді жалпы негіздерде қарамағына енгізуге дейін қызмет өткерген бөлімше басшысы жүзеге асырады.

      Қарамағындағы қызметкерлердің органның орналасқан аумағынан тысқары шығуы орган басшысының жазбаша келісімімен баянат бойынша жүзеге асырылады.

      6. Басшылық қарамағына алынған қызметкер үш жұмыс күні ішінде өз өндірісіндегі материалдарды (құжаттамаларды) тікелей басшысына өткізеді.

      7. Атқарып отырған лауазымынан босатылған және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған органның қарамағындағы қызметкерлерге оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенi шешу кідірген жағдайларда, пайдаланылмаған еңбек демалысы беріледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытындағы ақшалай үлесі қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнгі негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.

      Органның қарамағына қабылданған қызметкерге Заңда көзделген көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолданылады.

      8. Осы қағидалардың 4-тармағы 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ, қызметкер қызмет өткеру аймағынан тыс жерлерге шыққанда бұл туралы кадр қызметін дереу хабардар етеді.

      9. Еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайында қарамағына алынған қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын және жұмыстан уақытша босату құқығын дәлелдейтін құжатты ресімдеген уақыттан бастап жазбаша түрде тікелей басшысын, сондай-ақ, кадр қызметін емделуден өтіп жатқан медициналық мекемесі туралы күнін көрсете отырып хабарлайды.

      10. Қызметкердің органның қарамағында болу уақыты қызмет өтіліне, біліктілік сыныбын белгілеу үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, сондай-ақ белгіленген күн тәртібінің толық көлемі таралады.

      Органның қарамағындағы қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол Заңға сәйкес жұмыстан шығарылуға тиіс.

      11. Қызметкердің ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуы жазбаша түрде ресімделеді.

      12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте органның қарамағында тұрған қызметкерге ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар жүргізілген жағдайда, біліктік талаптарына сәйкес келген кезде, басқа бос лауазымға орналасуға мүмкіндік беріледі

      13. Кадр қызметтері қарамағына алынған қызметкерді үш жұмыс күні ішінде осы қағидалардың талаптарымен және басшылық қарамағында болған кезеңдегі қызмет өткеру тәртібімен таныстырады.

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 5-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қызметкерлерді кәсіби дайындаудың негізгі міндеттері:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) нормативтік-құқықтық актілерін зерделеу және оларды жедел-қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде қолдану;

      2) қызметкерлерді жедел-қызметтік міндеттердің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін шеберлік және тиімді іс-әрекеттерге үйрету;

      3) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нақты бөлімшелері қызметінің ерекшелігін ескере отырып, кәсіби шеберліктерін жетілдіруі;

      4) арнайы техника мен арнайы құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру болып табылады.

2-тарау. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының мазмұны және тәртібі

      3. Қызметкерлердің қызметтік міндеттемелерін орындау үшін қажет кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында, кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы қызмет атқару орны бойынша жүзеге асырылады.

      4. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтың өтуіне қажет болған жағдайда білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ басқа да мамандар тартылады.

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған кәсіби қызметтік даярлықты қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығына тікелей басшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметтері жүзеге асырады.

      6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби қызметтік даярлығын органның тиісті бөлімшелері дербес, қызмет уақытында айына кемінде екі рет өткізеді.

      7. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтары бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін Агенттік Төрағасының, уәкілетті басшының бұйрығымен ерікті нысанда сабақ өткізудің кесте-жоспары бекітіледі және сабақ өткізу мен жоспарлы оқ атудың аптадағы күндері (ай), орны мен уақыты белгіленеді.

      8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері үшін олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, кәсіби қызметтік даярлық бөлек өткізіледі. Жоспарларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің осы бөлімшелерінің қызметіне жетекшілік ететін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары басшыларының орынбасарлары бекітеді. Жоспарда сабақ тақырыбының, бөлімшенің атауы, сабақты өткізуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.

      Агенттіктің және оның аумақтық органдарының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері үшін кәсіби қызметтік даярлықты ұйымдастыруға жауапкершілік жүктеледі.

      9. Қызметтік даярлық бойынша сабақтың дәріс материалдарында мысалдар, жарықтандыру мәселесі бойынша халықаралық тәжірибе, статистикалық ақпарат, сондай-ақ, өзекті мәселелер қамтылуы керек.

      10. Материал қажеттілігіне қарай, визуалды қабылдау үшін слайдтармен, схемалар не фото және бейне-материалдармен сүйемелденуге тиіс.

      11. Сабақ өткізу кезінде тыңдаушылардың алдында сабақ тақырыбымен байланысты жағдайлар бойынша сабаққа қатысып отырғандармен бірлесе отырып, шешім қабылдайтын тактикалық міндеттер қою жүргізіледі.

      12. Дәріс материалдарын әзірлеу тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.

      13. Кадр қызметтері қызметкерлердің сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады.

      14. Қызметкерлер қызметтік даярлық сабақтарына арналған дәптерлерге жазбалар жүргізеді. Конспектілер сабақ өткізу кезінде құпия және аса құпия мәліметтерге рұқсаттамасы бар қызметкерлер үшін құпия жазбаларды жүргізуге арналған арнайы (тігілген, нөмірленген, мөрмен белгіленген және құпиялылық режим бөлімшелерінде тіркелген) дәптерлерде жазылады.

      15. Өткізілген дәріс беру сабақтарының материалдары кадр қызметтерінің тиісті номенклатуралық істеріне тігіледі.

      16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру, оның ішінде оқ ату дайындығы қызметкерлердің өз алдына қойған қызметтік міндеттерін атқару үшін қажет дене шынықтыру дағдысын қалыптастыруға бағытталған сабақтар кешенінен тұрады.

      17. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жоспарлы оқ атуын Агенттіктің Стратегия және жедел басқару департаменті мен оның аумақтық органдарының кезекші бөлімдері кемінде тоқсанына бір рет өткізеді.

      18. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру кадр қызметтеріне жүктеледі.

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 6-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден (бұдан әрі - тестілеу) өткізу тәртібі мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерін, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндерін айқындайды.

      2. Қызметкерлердің аттестаттау кезінде дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық бойынша нормативтерді тапсыруы олардың кәсіби жарамдылық деңгейін айқындау үшін жүргізіледі.

      3. Аттестаттау өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкерлер) тестілеу Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін объективті бағалау мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді тапсыру тәртібі

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тапсырылады.

      5. Қызметкерлердің дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық бойынша нормативтерді тапсыруы кезінде объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында, кәсіби жарамдылығын айқындау жеке қауіпсіздік қызметінің, кадр қызметінің және қару-жарақ сақтау мен беруге жауапты түлғалардың қатысуымен тапсырылады. Нормативтер нәтижесі ведомоске енгізіледі және қатысушы тұлғалардың қолымен куәландырылады.

      6. Екі және одан көп дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтерден қанағаттанарлықсыз баға алған қызметкерлер кәсіби жарамдылықты айқындау жөніндегі нормативтерді тапсырмаған болып есептеледі.

      7. Кәсіби жарамдылық нормативтерін тапсырмаған қызметкерлер тестілеу тапсыруға жіберілмейді және алғашқы аттестаттау өткен күннен бастап, үш айлық мерзімде және алты айдан кешіктірілмей қайта аттестаталуға тиіс.

3-тарау. Тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лауазым санаттарына арналған шекті мәндер

      8. Тестілеуді ұйымдастыруды кадр қызметтері жүзеге асырады.

      9. Тестілеудi өткiзу объективтілігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің және тестілер мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етiледi.

      10. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде, деректер базасын жаңартуды "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.

      Орталықтың жұмыскері тестілеу операторы (бұдан әрі - оператор) болып табылады.

      11. Тестілеу Орталықтың және оның аумақтық бөлімшелерінің тестілеу залдарында жүргізіледі.

      12. Тестілеуде логикалық тестілеу және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу қамтылады.

      13. Тестілеу қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

      14. Кадр қызметінің қызметкері тестілеуге жіберілетін қызметкерлердің тізімін дайындайды және оны Орталыққа жолдайды.

      Тізімде қызметкерлер туралы келесі мәліметтер қамтылады: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы, санаты көрсетіле отырып, жеке сәйкестендіру нөмірі, атқаратын лауазымының санатына сәйкес тестілеу бағдарламасының нөмірі.

      15. Кадр қызметінің қызметкері тестілеу басталатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде телефонға электрондық мекенжайға және ұялы телефонға ақпарат жіберу арқылы тестілеуден өтуге тиіс қызметкерлерді тестілеудің өтілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді.

      16. Тестілеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерін компьютерлік тестілеу бағдарламасына сәйкес өткізіледі.

      17. Тестілеуге өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты бар қызметкерлер жіберіледі.

      18. Тестілеу басталғанға дейін Орталық операторы нұсқама өткізеді.

      19. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген қызметкерлер ол туралы кадр қызметкеріне тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды және сол күні бекітілген медициналық мекемеден анықтама ұсынады. Бұл жағдайда, осындай тұлғаларды тестілеу осы күні басқа жұмыс уақытында не тестілеу кестесіне сәйкес анықталатын басқа жұмыс күні өткізіледі.

      20. Тестілеу уақытында аттесталатын қызметкерлерге басқа қызметкерлермен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық тасығыштардағы ақпараттарды қолдануға жол берілмейді

      21. Қызметкер осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, тестілеу процесі тоқтатылады және соңғысы тестілеуге арналған үй-жайдан шығарылады.

      Бұл ретте, тестілеу операторы және бұзушылыққа жол берген қызметкер қол қоятын ерікті нысандағы акті жасалады.

      Бұзушылыққа жол берген қызметкер актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіге тиісінше жазба толтырылып, тестілеу операторы куәландырады.

      Осы Қағидалардың 20-тармағының талаптарын бұзған қызметкерлердің тестілеу нәтижелері жойылады.

      22. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері үшін төменде көрсетілген санаттарға арналған шекті мәндер:

      1) жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-1, В-РКО-2, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5 санаттары үшін – барлық нормативтік құқықтық актілер (85 сұрақ) бойынша кемінде 60 дұрыс жауап;

      2) жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттары үшін – барлық нормативтік құқықтық актілер (75 сұрақ) бойынша кемінде 53 дұрыс жауап;

      3) ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің В-РК-1, В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5 санаттары үшін – барлық нормативтік құқықтық актілер (80 сұрақ) бойынша кемінде 56 дұрыс жауап;

      4) ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттары үшін – барлық нормативтік құқықтық актілер (70 сұрақ) бойынша кемінде 49 дұрыс жауап.

      23. Егер, тестіленуші Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу тапсырмаларынан шекті мәндер жинай алмаса, тестілеуден өтпеген болып саналады.

      24. Логикалық пайымдауға арналған тест бойынша шекті мәндер белгіленбейді.

      25. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу нәтижелерінің бір данасы қызметкерге беріледі, екінші данасы қызметкердің аттестаттау материалдарына тігіледі.

      26. Тестілеу нәтижелері бойынша нақтыланған есеп тестілеу жүйесінің деректер базасында сақталады.

      27. Тестілеу өткізу кезінде шекті мәндерден төмен баға алған қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және аттестаттау комиссиясының шешімімен қайтадан тестілеуден өтеді.

      28. Тестілеу аяқталған соң Орталық операторы аттестатталушы тұлғаны тестілеу қорытындысымен қол қойдыра отырып таныстырады және оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметіне жолдайды.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметтің аттестатталуға тиіс
қызметкерлерінің Қазақстан
Республикасының заңнамасын
білуін және логикалық ойлау
қабілетін компьютерлік
тестілеуден өткізу қағидалары
мен шарттары, кәсіби
жарамдылығын айқындау
жөніндегі нормативтер, сондай-
ақ лауазымдардың санаттары
үшін шекті мәндерге
1-қосымша

Аттестатталуға тиіс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтері

      Ерлер үшін

Жаттығу атауы

Бағасы

Жас топтары

21-27

28-34

35-39

40-44

45-49

50 және одан жоғары

Жүгіру 100 м (с)

өте жақсы

13

14

15

16

17

18

жақсы

14

15

16

17

18

19

қанағаттанарлық

15

16

17

18

19

21

қанағаттанарлықсыз

16-дан жоғары

17-ден жоғары

18-ден жоғары

19-дан жоғары

20-дан жоғары

22-ден жоғары

Жүгіру 60 м (с)

өте жақсы

7,8

8,4

9

9,6

10,2

10,8

жақсы

8,4

9

9,6

10,2

10,8

11,4

қанағаттанарлық

9

9,6

10,2

10,8

11,4

12,6

қанағаттанарлықсыз

9,6-дан жоғары

10,2-ден жоғары

10,8-ден жоғары

11,4-тен жоғары

12,0-ден жоғары

13,2-ден жоғары

Жатқан қалыпта қолды созу және бүгу (рет саны)

өте жақсы

35

33

30

27

25

20

жақсы

33

30

27

25

22

18

қанағаттанарлық

30

27

25

22

20

15

қанағаттанарлықсыз

30-ға дейін

27-ге дейін

25-ке дейін

22-ге дейін

20-ға дейін

15-ке дейін

Тартылу (рет саны)

өте жақсы

15

13

11

9

7

5

жақсы

13

11

9

7

5

4

қанағаттанарлық

11

9

7

5

4

3

қанағаттанарлықсыз

11-ге дейін

9-ға дейін

7-ге дейін

5-ке дейін

4-ке дейін

3-ке дейін

      Әйелдер үшін

Жаттығу атауы

Бағасы

Жас топтары

21-26

27-30

31-35

36-45

45 және одан жоға

Жүгіру 100 м (с)

өте жақсы

20

23,5

26,5

30

36,5

жақсы

21,5

25

28,3

31,5

40

қанағаттанарлық

23,5

26,5

30

33,5

43,5

қанағаттанарлықсыз

24,1-ден жоғары

27,1-ден жоғары

30,6-дан жоғары

34,1-ден жоғары

44,1-ден жоғары

Жүгіру 60 м (с)

өте жақсы

12

14

16

18

22

жақсы

13

15

17

19

24

қанағаттанарлық

14

16

18

20

26

қанағаттанарлықсыз

15-тен жоғары

17-ден жоғары

19-дан жоғары

21-ден жоғары

27-ден жоғары

Арқасымен жатып кеудесін көтеру (рет саны)

өте жақсы

30

28

25

22

20

жақсы

28

25

22

20

18

қанағаттанарлық

25

22

20

18

16

қанағаттанарлықсыз

25-ке дейін

22-ге дейін

20-ға дейін

18-ге дейін

16-ға дейін

      Ескертпе: аттестаттауды қыс мезгілінде өткізу кезінде жабық спорт немесе басқа да объектілер болмаған жағдайда, 100 метрге жүгіру нормативінің орнына 60 метрге жүгіруге рұқсат етіледі.

Дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығуларды орындау шарттары

      1. 60, 100 м. жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде жүргізіледі.

      2. Ерлер үшін – қолды созу және бүгу жатқан қалпында орындалады - денені тік ұстап, қолдарын кеудесі жерге тигенше бүгу.

      Әйелдер үшін аталған жаттығуды тізеден орындауға болады.

      3. Ерлер үшін – биік аспадан тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпын жоғарыда ұстап, еденге (жерге) аяғын тигізбей орындалады. Иегі аспадан асқан жағдайда, жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылғанда тартылып тұрған орнынан 5 секундтан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді.

      4. Әйелдер үшін - кеудені көтеру шалқасынан жатып орындалады, аяғы тізеде 90 градус бұрышта бүгіліп, қолдың басы иыққа қойылады, табанын әріптесі ұстайды.

      Ескертпе: жаттығуларды дұрыс орындамаған жағдайда, үш реттен артық "санамау" деген бұйрық беріледі, содан кейін тестіленуші жаттығуды орындаудан алынып тасталынады.

      Ату (ерлер):

      Нысана: атушының көз тұсы биіктігінде 75х75 қалқанда орнатылған (50х50) шеңберлі нысана.

      Нысанаға дейінгі ұзақтық: 25 м.

      Оқ-дәрі саны: 6 (3 атып көруге, 3 сынақтық).

      Ату жағдайы: тік тұрып қолмен ұстап ату (екі қолмен де рұқсат етіледі).

      Атуға берілетін уақыт: шектелмеген.

      Бағалау көрсеткіштері: 20 және одан жоғары – "өте жақсы", 15-19 – "жақсы", 10-14 – "қанағаттанарлық", 0-9 қанағаттанарлықсыз.

      Атудың ең үздік көрсеткіштері бойынша баға қойылады (атып көру немесе сынақтық).

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметтің аттестатталуға тиіс
қызметкерлерінің Қазақстан
Республикасының заңнамасын
білуін және логикалық ойлау
қабілетін компьютерлік
тестілеуден өткізу қағидалары
мен шарттары, кәсіби
жарамдылығын айқындау
жөніндегі нормативтер, сондай-
ақ лауазымдардың санаттары
үшін шекті мәндерге
2-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатталуға тиіс қызметкерлерін компьютерлік тестілеу бағдарламасы

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Сұрақтар саны

Жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-1, В-РКО-2, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5 санаттары үшін №1 бағдарлама

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 желтоқсанда № 10027 болып тіркелді)

5

9 нормативтік құқықтық акті бойынша 85 минутқа барлығы 85 сұрақ

Логикалық тест (10 сұрақ) ұзақтығы 10 минут

Жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттары үшін №2 бағдарлама

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

5

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

5

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 желтоқсанда № 10027 болып тіркелді)

5

9 нормативтік құқықтық акті бойынша 75 минутқа барлығы 75 сұрақ

Логикалық тест (10 сұрақ) ұзақтығы 10 минут

Ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің В-РК-1, В-РК-2, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5 санаттары үшін №3 бағдарлама

Қазақстан Республикасының Конституциясы

15

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

6 нормативтік құқықтық акті бойынша 80 минутқа барлығы 80 сұрақ

Логикалық тест (10 сұрақ) ұзақтығы 10 минут

Ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттары үшін № 4 бағдарлама

Қазақстан Республикасының Конституциясы

15

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары).

15

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

5 нормативтік құқықтық акті бойынша 70 минутқа барлығы 70 сұрақ

Логикалық тест (10 сұрақ) ұзақтығы 10 минут

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 7-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жас қызметкерлер – құқық қорғау қызметіне алғаш тұрған және қызметке тұрған күнінен бастап бір жыл бойы оны өткеретін адамдар;

      2) жас қызметкерлерді бейімдеу – жас қызметкердің кәсіби дағдыларды меңгеру, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке қосылу, құқық қорғау органындағы қызметке бейілділікті қалыптастыру процесі;

      3) тәлімгер – жас қызметкер бекітіліп берілген, оның кәсіби даярлығы мен дамуына практикалық көмек көрсететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері;

      4) тәлімгерлер кеңесі – тәлімгерлердің қызметін үйлестіретін, кәсіптік ортаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте сабақтастықты нығайтуға арналған тұрақты жұмыс істейтін ұжымдық алқалы орган.

2-тарау. Жас қызметкерлерді бейімдеу тәртібі

      3. Тәлімгер үш жұмыс күні ішінде жұмыстың ерекшелігін, функционалдық міндеттемелерін ескере отырып, бөлімше басшысының басшылығымен жас қызметкерді бейімдеудің және кәсіби даярлаудың жеке жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      4. Жас қызметкерлерді бейімдеу жоспарында:

      1) қойылған міндеттерді сәтті шешуге қажет кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыны меңгеру;

      2) Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бұйрықтарын зерделеу;

      3) жұмыстың тапсырылған бөлігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, жоғары адамгершілік қаситеттерді қалыптастыру;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларын, қызметтік және еңбек тәртібін сақтау бойынша іс-шаралар қамтылады.

3-тарау. Тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі

      5. Тәлімгерлік жас қызметкер үшін айқындалған ұзақтығы үш айдан бастап алты айға дейінгі сынақ мерзімі кезеңіне белгіленеді.

      Қызметкердің дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезеңі тәлімгерлік мерзiмiне есептелмейдi.

      6. Тәлімгерлер резерві сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының ұсынымдары негізінде қабылданатын Тәлімгерлер кеңесінің шешімі бойынша барынша тәжірибелі қызметкерлерден құрылады.

      7. Кадр қызметі енгізген тәлімгерді бекіту туралы ұсынысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының оң шешімі тәлімгерді бекітуге негіз болып табылады.

      8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерін тәлімгер ретінде бекіту сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бұйрығы негізінде жас қызметкерді тағайындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      9. Бір тәлімгерге екеуден артық жас қызметкерді бекітуге жол берілмейді.

      10. Тәлімгерді ауыстыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бұйрығымен мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) тәлімгердің жұмыстан шығуы немесе басқа жұмысқа ауысуы;

      2) тәлімгердің дәлелді себептермен (еңбек демалысы, сырқаттану, қызметтік іссапар) екі аптадан артық жұмыста болмауы;

      3) тәлімгердің оны тәлімгерлік қызметтен жалпы босату немесе нақты жас қызметкерге қатысты (себептерін көрсетумен) шеттету туралы жазбаша өтініші;

      4) жас қызметкердің тәлімгерді ауыстыру туралы (себебін көрсетпеуі мүмкін) жазбаша өтініші.

      Бұл ретте, тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзімі өзгермейді.

      11. Тәлімгерліктен тәлімгерді босату мен жас қызметкерге жаңа тәлімгер бекіту кезеңінің арасы бес жұмыс күнінен аспайды.

      12. Тәлімгер:

      1) жас қызметкерге бейімделу және кәсіби даярлаудың жеке жоспарын орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады;

      2) жас қызметкерге таңдаған кәсібін меңгеруіне көмек көрсетеді, оған функционалдық міндеттемелерін түсіндіреді, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді, жіберілген қателіктерді анықтайды, бірге талдайды және жояды;

      3) қызметтік іс-әрекетін тиімді жүзеге асыруда жас қызметкерге, сондай-ақ қойылған міндеттерді өз еркімен шешуде оң үлгі көрсетеді;

      4) жас қызметкерді ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттейді, жалпы мәдениетті және кәсіби ой-өрісті дамытуға көмектеседі, отаншыл болуға дағдыландырады;

      5) жас қызметкердің жігерлілік, қызметтік және адамгершілік қасиеттерін, оның қызметке, ұжымға, азаматтарға қатынасын, сондай-ақ әуестігін, бейімділігін, бос уақытындағы араласатын ортасын зерделейді;

      6) жас қызметкердің қызмет атқаруда қиындықты жеңуіне, моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтуына көмектеседі;

      7) жас қызметкердің тәртіпті және заңдылықты бұзуды болдырмауы бойынша шараларды уақтылы қабылдайды;

      8) жас қызметкердің бейімделу процесі, оның қол жеткізген жетістіктері, тәртібі, оның қалыптасуына өзінің жеке ықпал ету нәтижелері туралы бөлімшенің басшысына бір айда бір рет баяндайды.

      9) қажет болған жағдайда, жас қызметкер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына оны көтермелеу, тәрбиелік және тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы ұсыныстарын бір айда бір рет енгізеді.

      13. Жас қызметкер:

      1) өзіне берілген тапсырмаларды орындайды, Жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;

      2) өзінің кәсіби құзыретінің деңгейін арттыруға, дағдысы мен қабілетін дамытуға, білім алуға барлық күш-жігерін салады;

      3) ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;

      4) тәлімгерден жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін үйренеді;

      5) лауазымдық міндеттемелерін атқару кезінде тәлімгердің ұсынымдарын басшылыққа алады.

      6) тәлімгерлік мерзімі аяқталғаннан кейін, жеке жоспардың орындалуы туралы есепті (бұдан әрі - есеп) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды.

      14. Жас қызметкер қажетті құжаттар қоса берілетін есепті жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына ұсынады.

      15. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін тәлімгер жас қызметкерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пікір (бұдан әрі - пікір) дайындайды.

      16. Пікір жас қызметкер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына ұсынылады.

      17. Тәлімгерлік аяқталғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жас қызметкердің есебі мен тәлімгердің пікірі тәлімгерлер кеңесіне және кадр қызметіне ұсынылады.

      18. Тәлімгерлер кеңесі атқарылған жұмысы туралы тәлімгерлер мен жас қызметкерлерді тыңдайды.

      Қажет болғанда, оларды тыңдау үшін жас қызметкерлер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелер басшылары шақырылуы мүмкін.

      19. Тыңдау қорытындысы бойынша тәлімгерлер кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысына бейімделу мерзімін аяқтау туралы немесе оны ұзарту туралы ұсыным енгізеді.

      20. Тәлімгердің пікірі, жас қызметкердің есебі басқа да қажет құжаттар қоса беріле отырып жас қызметкер мен тәлімгердің жеке ісінде сақталады.

      21. Тәлімгерлікті ұйымдастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметтеріне жүктеледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр қызметтері тәлімгерлікті ұйымдастыру тәжірибесін зерделейді және қорытады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысына тәлімгерлік бойынша жұмысты жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте жас қызметкерлерді
бейімдеу және тәлімгерлікті
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  "КЕЛІСІЛДІ"
____________________________
(уәкiлетті тұлғаның тегі, аты-
жөні, лауазымы)
___________________
(қолы)
20__ жылы "__" _________

      Жас қызметкерді бейімдеу және кәсіби даярлаудың жеке жоспары

      Жас қызметкер _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда)

      Құрылымдық бөлімше, лауазымы _______________________________________

      Тәлімгер_____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) (бар болған жағдайда) лауазымы)

р/с №

Іс-шаралар (тапсырмалар) атауы

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы белгі







      Тәлімгер ____________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      Жас қызметкер _______________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      20__ жылғы "__" _________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте жас қызметкерлерді
бейімдеу және тәлімгерлікті
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жеке жоспардың орындалуы туралы есеп

      ____________________________________________________________________

      (жас қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      құрылымдық бөлімшенің атауы)

      Тәлімгерліктің мақсаты ________________________________________________

      Тәлімгер ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) (бар болған жағдайда), лауазымы)

      Тәлімгерліктің кезеңі __________________________________________________

      Жеке жоспармен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат _______

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тәлімгерлік кезеңінде алынған нәтижелер туралы ақпарат

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тәлімгердің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жас қызметкерді бейімдеу мен кәсіби даярлаудың жеке жоспары есепке қоса беріледі

      Жас қызметкер _______________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      20__ жылғы "__" _________

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте жас қызметкерлерді
бейімдеу және тәлімгерлікті
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жас қызметкерге жазылатын пікір

      ____________________________________________________________________

      (жас қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Тәлімгер ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) (бар болған жағдайда), лауазымы)

      Тәлімгерлік кезең ___________________________________________________

      Жас қызметкерді бағалау:

р/с №

Өлшем-шарттар

Бағасы

1

Жеке жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалу деңгейі

Өте жақсы

жақсы

қанағаттанар-лық

қанағаттанарлық-сыз





2

Алған білімі мен практикалық жұмыс деңгейі

Өте жақсы

жақсы

қанағаттанар-лық

қанағаттанарлық-сыз





3

Өз бетінше шешім қабылдау, ақпаратты жалпылау және талдау қабілеті

Өте жоғары

жоғары

орташа

төмен





4

Болжанған лауазым бойынша өзіндік жұмысқа дайындық дәрежесі

Өте жоғары

жоғары

орташа

төмен





      Кәсiби деңгейiн арттыру бойынша ұсынымдар

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тәлімгерлік нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар

      ____________________________________________________________________

      Тәлімгер ____________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      20__ жылғы "__" _________

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 8-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқытудан өту қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын тұлғалар үшін арнайы бастапқы оқытудан өту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орта басшы құрамындағы лауазымдарға алғашқы рет қабылданатын тұлғалар үшін арнайы бастапқы оқытудан өту тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке алғашқы рет қабылданатын тұлғалар нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттемелерін атқару үшін қажетті білім, іскерлік, дағды және мінез-құлық нормаларын жедел үйрену үшін арнайы бастапқы оқытудан өтеді.

      3. Арнайы бастапқы оқыту Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында жүзеге асырылады.

2-тарау. Арнайы бастапқы оқытудан өту тәртібі мен шарттары

      4. Арнайы бастапқы оқытуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын тұлғалар жіберіледі.

      5. Арнайы бастапқы оқытуға жіберу үшін адамдарды іріктеуді және қажетті құжаттарды ресімдеуді кадр қызметі жүзеге асырады.

      6. Арнайы бастапқы оқыту сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын тұлғалардың "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 152, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 684, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 3 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1062 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12798 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 9-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидалар

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Кезектен тыс біліктілік сыныбын белгілеу туралы шешімді Агенттік Төрағасы қабылдайды.

      3. Кезектен тыс біліктілік сыныбы қызметкерлерге иеленіп отырған штаттық лауазымы бойынша біліктілік сыныбында белгіленген еңбек еткен жылдары мерзімінің кемінде үштен бірі өткенде, қызметтегі ерекше жетістіктері үшін көтермелеу тәртібімен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің немесе аумақтық органдары басшыларының осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысандағы ұсынуы (бұдан әрі - ұсыну) негізінде, бірақ қызметкердің иеленіп отырған біліктілік сыныбынан өзге екі біліктілік сыныбынан асырмай белгіленеді.

      Кезектен тыс біліктілік сыныбын белгілеу аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашу және тергеу кезіндегі еңбегіне қарай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қосқан маңызды үлесі үшін қолданыстағы біліктілік сыныбында қызмет өткеру мерзіміне қарамастан, иеленіп отырған штаттық лауазымы бойынша шекті біліктілік сыныбынан жоғары болмай белгіленеді.

      4. Кезектен тыс біліктілік сыныптары органдағы қызметі кезеңінде екі реттен артық жүргізілмейді.

      5. Біліктілік сыныбында болу мерзімі қызметкерге тиісті біліктілік сыныбын белгілеген күннен бастап есептеледі. Осы мерзімге лауазымдардағы қызметтің нақты уақыты, сондай-ақ қызметкердің органның қарамағында болған кезеңі кіреді.

      6. Кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеуге ұсыну Агенттіктің кадр қызметіне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      7. Ұсынуда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын бақылау Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының басшыларына жүктеледі.

      8. Алынбаған тәртіптік жазасы болғанда қызметтік тергеу аяқталғанға дейін, қылмыстық іс ақтайтын негіздер бойынша қысқартылғанға дейін, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеуге берілетін ұсынуларға жол берілмейді.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет қызметкерлеріне
кезектен тыс біліктілік
сыныптарын белгілеу жөніндегі
қағидаларға
қосымша
  Нысан

      __________________________________

      Лауазымы бойынша біліктілік сыныбы

      Қазақстан Республикасы Президентінің

      _______ жылғы "_____" _____________

      №____________ Жарлығымен бекітілген

Кезектен тыс біліктілік сыныбын белгілеуге ҰСЫНУ

      __________________________________________________________________

      (сынып түрі)

      Кімге _____________________________________________________________

      (біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты, (бар болған кезде))

      Лауазымы_________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы)

      Туған жылы, күні, айы_______________________________________________

      Білімі ____________________________________________________________

      (жалпы, арнайы, жоғары, әскери)

      _________________________________________________________________

      (қашан және қандай оқу орнын аяқтады)

      Берілген біліктілік сыныбы __________________________________________ ____________

      20_____ жылғы __________ № ______ бұйрықпен бекітілген.

      _________________________________________________________________

      (қысқаша мінездеме)

      ҚК, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі

Қандай айдан және жылдан бастап

Қандай ай және жыл аралығында

Лауазымдардың, бөлімдердің, құрамалардың, органдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы




      Басшы_________________________________________________________

      (лауазымы, біліктілік сыныбы, тегі, аты-жөні, қолы)

      Кадр қызметінің басшысы _______________________________________

      (біліктілік сыныбы, тегі, аты-жөні, қолы)

      20_____ жылғы ________

      Ескертпе:

      Егер Ұсынуда құпия сипаттағы мәліметтер жазылса, оған құпиялылық белгісі қойылады

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 10-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктіліктер беру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне олардың өз мамандықтарын игеруге қол жеткізген деңгейлеріне сәйкес сыныптық біліктілікті беру және растау тәртібі мен шарттарын нақтылайды.

      2. Қызметкерлердің қол жеткізген дайындық деңгейлеріне, жұмыс тәжірибесі мен өтіліне байланысты мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі: "2-сыныпты маман", "1-сыныпты маман" және "1-сыныпты маман – тәлімгер".

      Сыныптық біліктіліктерді беру қызметкерлердің кәсібилігін жоғарылатуды ынталандыру және кадрларды нығайту мақсатында жүргізіледі.

      Сыныптық біліктіліктер:

      1) "2-сыныпты маман" - сыныптық біліктілігі жоқ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кемінде бір жыл қызмет өткерген қызметкерлерге;

      2) "1-сыныпты маман" - "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілген сәттен бастап екі жыл өткен қызметкерлерге беріледі.

      Ерекше жағдай ретінде "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі жоқ және құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдарда бес жылдан кем емес, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында кемінде бір жыл еңбек өтілі бар қызметкерлерге атқарып отырған лауазымында кәсіби білімдері мен дағдыларының деңгейін ескере отырып, "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беруге жол беріледі;

      3) "1-сыныпты маман – тәлімгер" - "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілген және құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қарсы қызметте кемінде бір жыл еңбек өтілі бар, жас мамандарға тәлімгерлікті жүзеге асырушы (жүзеге асырған) қызметкерлерге немесе "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі берілген және құқық қорғау органдарында кемінде 15 жыл, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қарсы қызметте кемінде бір жыл еңбек өтілі бар, жас мамандарға тәлімгерлікті жүзеге асырмайтын (жүзеге асырмаған) немесе басшы лауазымдарды атқаратын қызметкерлерге беріледі.

      3. Сыныптық біліктілік өзінің қызметтік міндеттемелерін адал атқаратын, тәртіптік жазалары жоқ, жеке құрамды (тәлімгерліктен өтушіні) сапалы оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуші қызметкерлерге беріледі.

      4. Сыныптық біліктілікті беру және растау туралы шешімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы немесе уәкілетті басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте құрылатын Сыныптық біліктілік мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдары бойынша бұйрық шығару арқылы қабылдайды.

      5. Сыныптық біліктілік үшін қызметкерлерге үстемеақы төлеу қызметкердің негізгі ай сайынғы ақшалай үлесімен жүргізіледі.

      6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарамағындағы, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкерлерге берілген сыныптық біліктіліктері, қарамағында және бала күтіміне байланысты демалыста болған барлық кезең ішінде көрсетілген үстемеақы төлеусіз сақталады.

      7. Қазақстан Республикасының ведомстволық білім беру ұйымдарында, сондай-ақ уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлердің сыныптық біліктілігі көрсетілген үстемеақыны төлеусіз, оқудың барлық кезеңі ішінде сақталады.

2-тарау. Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету (айыру)

      8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктіліктерді беруді, растауды, төмендетуді (айыруды):

      1) Агенттік Төрағасы – Төрағаның көмекшісіне, ерекше тапсырмалар жөніндегі офицерлерге, Төрағаның режим жөніндегі көмекшісіне, Агенттіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларына Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша ұсынуы бойынша;

      2) Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары – Агенттіктің қызметкерлеріне, аумақтық органдарының қызметкерлеріне Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген, тікелей басшылардың жазбаша ұсынуы бойынша;

      3) Агенттіктің аумақтық органының басшысы - Агенттіктің аумақтық органдарының қызметкерлеріне, аумақтық орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген, тікелей басшылардың жазбаша ұсынуы бойынша жүзеге асырылады.

      9. Қызметі бойынша үш айға дейінгі аралықтағы үзіліспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаңадан қабылданған, сондай-ақ сот шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған адамдарға сыныптық біліктілігі сақталады.

      Құқық қорғау органдарынан шығарылған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қайтадан қабылданған қызметкерлер осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болған жағдайда, бұдан бұрын берілген сыныптық біліктілігі расталады.

      10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке басқа құқық қорғау, арнайы және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінен ауысу тәртібімен қабылданған адамдарға сыныптық біліктілікті беру (растау) сыныптық біліктілікті беру (бұдан бұрынғысын растау) туралы ұсынулары негізінде Комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      11. Агенттіктің ішінде қызметкерлердің ауысуы кезінде кадр қызметтері олардың жеке ісін жолдау барысында біліктілік сыныбын белгілеу (растау) жөніндегі бұйрықтан үзінді-көшірмені қоса жолдайды.

      12. Келесі жағдайларда қызметкердің сыныптық біліктілігі төмендетілуі тиіс:

      1) аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау қорытындысы бойынша атқаратын лауазымынан төмендетілгенде немесе басқа қызметке ауысқанда;

      2) жылдық бағалау қорытындысы бойынша "тиімсіз" деген баға алған жағдайда.

      "2-сыныпты-маман" сыныптық біліктілігі бар қызметкерлер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар орын алғанда, сыныптық біліктілігінен айырылады.

      13. Сыныптық біліктіліктері төмендетілген (айырылған) қызметкерлердің бұрынғы сыныптық біліктіліктері Агенттік Төрағасының, аумақтық орган басшысының бұйрығымен сыныптық біліктілігі төмендетілген (айырылған) күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қалпына келтіріледі.

      14. Қызметкерлерді сыныптық біліктілікті беруге ұсыну мынадай кезеңде:

      1) қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін;

      2) алынбаған тәртіптік жазасы бар болғанда;

      3) оған қатысты қызметтік тергеуді және (немесе) қылмыстық істі тергеуді жүргізу мерзімінде – қызметтік тергеуді аяқтағанға дейін және (немесе) қылмыстық істі аяқтау негіздері бойынша тоқтатқанға дейін, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.

      15. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау туралы ұсынуда:

      1) қызметкер туралы сауалнамалық деректер (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (оның бар болған жағдайда), туған жылы, білімі, мамандығы, сыныптық біліктілігі, ғылыми дәрежесі және (немесе) біліктілік сыныбы);

      2) еңбек қызметі туралы деректер (орын ауыстыру, біліктілігін жоғарылату, қайта даярлау, жедел-қызметтік әрекетіндегі маңызды нәтижелері туралы мәліметтер);

      3) қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттерінің бағалары (кәсіби құзыреттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, іскерлік және жеке қасиеттері, көтермелеу және жазалау туралы мәліметтер) көрсетіледі.

      16. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау туралы ұсынулар Комиссияның қарауына кадр қызметіне түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      17. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау туралы мәселе оң шешілген жағдайда, Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысына немесе уәкілетті басшысына қызметкерге сыныптық біліктілікті беруді (растауды) ұсынады.

      18. Комиссияның ұсынымдарымен келіскен жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы немесе уәкілетті басшысы қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау туралы бұйрық шығарады.

      19. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру (растау) туралы бұйрықтың көшірмесі тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лауазымдық жалақысына тиісті үстемеақы қосу, оның мөлшерін өзгерту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаржы-шаруашылық бөлімшесіне жіберіледі.

      20. Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау күні болып табылады.

      21. Сыныптық біліктілікті беру (растау) туралы материалдар (Комиссия отырысының хаттамасы, сыныптық біліктілікті беруге (растауға) ұсынылған қызметкерлердің тізімі) кадр қызметінің номенклатуралық ісінде сақталады.

3-тарау. Сыныптық біліктілігі бар мамандарды есепке алу

      22. Сыныптық біліктілігі бар қызметкерлерді есепке алуды кадр қызметтері жүзеге асырады.

      23. Сыныптық біліктіліктер берілген (расталған) қызметкерлердің жеке істерінде (қызметтік тізім бөлімінде) бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіле отырып жазба жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 11-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызметтік тергеулер жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 58-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарында (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметтік тергеулер жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Қызметтік тергеу жүргізу мақсаты қызметкердің жасаған тәртіптік теріс қылығының себебін, сипатын және мән-жайын анықтау, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен көзделген мән-жайлардың бар-жоғын растау болып табылады.

2-тарау. Қызметтік тергеу жүргізу тәртібі

      3. Қызметтік тергеу Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) Жеке қауіпсіздік департаменті қызметкерлерінің жазбаша баянаты негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша жүргізіледі.

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы, әкімшілік ғимараттардағы төтенше оқиғалар немесе өзге де оқиғалар туралы мәліметтер қызметтік тексерістер жүргізу үшін негіз болып табылады.

      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің тәртіптік теріс қылық жасағандығы туралы мәліметтер болып табылады: жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың материалдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшелері басшыларының баянаттары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, қызметкерлердің құқық бұзушылықтар жасауы.

      Қызметтік тексерістер материалдарында жазбаша нысанда, сондай-ақ олар бар болатын жағдайда, бейне-материалдар нысанында тіркелген мәліметтер болады.

      6. Әкімшілік ғимараттардағы төтенше жағдайлар туралы мәліметтер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарындағы қарулы шабуыл, террорлық акт қаупі немесе жасалуы, қызметтік және арнайы автокөлікті пайдаланумен байланысты ауыр зардаптар келтірген оқиғалар, табиғи немесе техногендік сипаттағы ахуалдар болып табылады.

      7. Қажет болған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының немесе уәкілетті басшының келісімімен қызметтік тергеу жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе оның аумақтық органдарының басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандары тартылады.

      8. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде теріс қылық не құқық бұзушылық жасауының мән-жайларын, қызметкердің аталған теріс қылыққа не құқық бұзушылыққа қатыстылығын, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілерін анықтау үшін полиграфологиялық зерттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеу өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      9. Қызметтік тергеу жүргізуге оның нәтижесіне тікелей немесе жанама мүдделі қызметкер қатыса алмайды. Мұндай жағдайда ол қызметтік тергеулер жүргізу туралы шешім қабылдаған адамға, өзін осы тергеулерді жүргізуге қатысудан босату туралы жазбаша баянатпен жүгінеді. Басшы шешім қабылдағанға дейін, тергеу тоқтатылмайды. Басқа қызметкерді тағайындау туралы шешім екі тәуліктен кешіктірілмей жазбаша берілген баянатпен қабылданады. Осы аталған талап сақталмаған жағдайда, қызметтік тексерістер нәтижелері жарамсыз болып саналады.

      10. Қызметтік тергеу оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір күннен кешіктірілмей аяқталады.

      Аталған мерзімге қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкердің демалыста, іссапарда немесе емделуде болған уақыты, сондай-ақ оның өзге де дәлелді себептермен қызметте болмаған уақыты есептелмейді. Бұл уақытта қызметтік тексерістер тоқтатылады және қызметтік тергеу жүргізіп жатқан қызметкердің баянаты бойынша қайта жаңартылады.

      Қызметтік тергеудің қолданылу мерзімі сотқа дейінгі тергеудің немесе арнайы зерттеудің (сараптаманың) нәтижелері болмаған кезде, тоқтатылуы мүмкін.

      11. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан қызметкерді, қажет болатын жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы немесе уәкілетті басшы жауапкершілік туралы мәселе шешілгенге дейін, бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық міндеттемелерін орындаудан уақытша шеттетеді.

      12. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде:

      1) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау фактісін;

      2) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды;

      3) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау нәтижесінде келтірген залалдың сипаты мен мөлшерін;

      4) қызметкердің қызметін өткеруге кедергі келтіретін мән-жайлардың болу немесе болмауын объективті және жан-жақты анықтауға шаралар қабылданады.

      13. Қызметтік тергеу:

      1) тәртіптік теріс қылықтың жасалған күнін, уақытын және болған орнын, қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан жауапты қызметкердің кінәлі адамдар тобын, дәрежесіне және мінезіне ықпал ететін мән-жайларды жеңілдететін, сондай-ақ ауырлататын жайттарды құжаттық белгілеу;

      2) арнайы білімді қажет ететін мәселелер бойынша мамандардан консультациялар алу;

      3) анықталуға тиіс мән-жайларды айқындау үшін қажетті ақпарат ұсыну туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдарына, сондай-ақ басқа құрылымдық бөлімшелерге және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға тапсырмалар мен сұрау салулар жіберу;

      4) қажет болған кезде, алынатын және қызметтік тергеу материалдарына біріктірілетін қажетті құжаттармен, түпнұсқалармен немесе көшірмелермен танысу;

      5) полиграфологиялық зерттеулерді қызметкер-полиграфологты тартумен өткізу, сондай-ақ қажет болған жағдайда, маманның жүргізуі арқылы өткізіледі.

      14. Өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкерден қызметтік тергеу жүргізудің мән-жайлары бойынша түсініктеме талап етіледі.

      Қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан қызметкер жазбаша түсінік беруден бас тартқан жағдайда жасалған жері, күні және уақыты, лауазымы көрсетілген кез келген түрдегі акт толтырылып, онда актіні толтырған тұлғаның лауазымы, жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде қатысқан қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      Актіге оны жасаушы лауазымды тұлға және жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде қатысқан басқа қызметкерлер (жұмыскерлер) қолдарын қояды.

      15. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қорытынды жасалады.

      Қызметтік тергеу қорытындысында анықталған тәртіп немесе басқа да құқық бұзушылықтың мәні, оның салдарлары, қызметкердің кінәсін растайтын немесе жоққа шығаратын материалдар, оның жауапкершілігін ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар, тәртіп немесе өзге де құқық бұзушылықты бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, оларды жою бойынша қабылданған немесе ұсынылатын шаралар көрсетіледі.

      Қызметтік тергеу қорытындысында анықталған тәртіптік және өзге де бұзушылықтар мәні, олардың салдарлары, қандай материалдармен расталатындығы немесе қызметкер кінәсінің алып тасталатындығы, оның жауапкершілігін ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар, тәртіптік теріс қылыққа және өзге де құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, оларды жою бойынша қабылданған не ұсынылатын шаралар көрсетіледі.

      Қызметтік тергеу қорытындысына қызметтік тергеу жүргізген қызметкер қол қояды, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үйлестіретін тұлға тергеу аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бекітеді.

      16. Агенттіктің аумақтық органдарында қызметтік тергеуді тағайындау және ол бойынша қорытындыны бекіту құқығы олардың басшыларына жүктеледі.

      17. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уәкілетті басшысы қызметтік тергеу қорытындысын бекітуден бас тартқан жағдайда, соңғысы өзінің бас тарту себебін жазбаша жазады. Көрсетілген жағдайда қызметтік тергеуді жүргізген тұлға бір тәулік ішінде қызметтік тергеу қорытындысын материалдармен бірге келіспеушіліктерді жою және шаралар қабылдау үшін Агенттіктің Жеке қауіпсіздік департаментіне жолдайды.

      18. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде қызметкердің әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда, қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған, алынған материалдарды шешім қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына дереу беруге міндетті.

      19. Қызметкерге өткізілген қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қызметке толық сәйкес еместігi туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату және жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жазалау шаралары қолданылатын жағдайда, қорытындысы және қажет болған кезінде, қызметтік тексерістердің материалдары оларды Агенттіктің немесе оның аумақтық органдарының Тәртіптік комиссиясында қарастыру үшін кадр қызметіне жіберіледі.

      20. Қызметтік тергеу қорытындысының көшірмесі қызметтік тергеу жүзеге асырылған қызметкердің жеке ісіне тігіледі. Қызметтік тергеу материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуді жүргізген бөлімшесінде сақталады.

      21. Қызметкерлер қызметтік тергеуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 272 бұйрығына 12-қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1."Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері" атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14451 болып тіркелген, 2016 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері" атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 179 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15814 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құқық қорғау қызметін өткерудің кейбір мәселелері" атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 100 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18710 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.