"Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 348 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
07.11.2019
Өзгерту күні
06.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 348 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15200 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Б. Шолпанкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.