"Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Өзгерту
Қабылдау күні
13.11.2019
Өзгерту күні
12.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10367 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингі органдарының қарауында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі;";

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру Ережесінде:

      тақырып мынадай редакциясында жазылсын:

      "Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі":

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2011жылғы 6 қаңтардағы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 77 бабына және 46-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін белгілейді.";

      4 және 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қарамағындағы тұрған қызметкерге оны лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданғанға дейін жұмысқа шығады және қызметкер қарамағына қабылданғанға дейін қызмет өткерген бөлімше басшысының тікелей бағынысында болады, тікелей басшының тапсырмаларын орындайды және қойған міндеттерін орындайды.

      5. Қарамағында тұрған қызметкерге тиісті қаржы мониторингі органның белгіленген күн тәртібі толық көлемде қолданылады.

      Қарамағына қабылданған қызметкердің жұмыс уақытын бақылауды және есепке алуды қызметкер қарамағына қабылданғанға дейін қызмет өткерген бөлімше басшысы жалпы негіздерде жүзеге асырады.

      Қарамағындағы қызметкердің қаржы мониторингі органы орналасқан аумақтан тыс шығуы Комитет төрағасының немесе уәкілетті басшының келісімімен баянат негізінде жүзеге асырылады.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      осы бұйрықпен бекітілген, қызметтік куәліктердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне беру қағидалары, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 1250 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2015 жылғы
29 қаңтардағы № 56 бұйрығына
7-қосымша

Қызметтік куәліктердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қызметтік куәліктердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне беру қағидасы "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі (бұдан әрі – ЭТҚ) қызметкерінің қызметтік куәлігі тұлғаның ЭТҚ-ға тиесілігін, оның лауазымын, атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Тиісті ресімделмеген, сақтау мерзімі өтіп кеткен, түзетілген немесе өшірілген қызметтік куәлік жарамсыз деп саналады.

2-тарау. Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасы

      4. Қызметкерлердің қызметтік куәліктерінің мұқабасы қара-көк түсті былғарыдан жасалады, ашық түрде қызметтік куәліктің көлемі 65 миллиметр х 190 миллиметр болады.

      5. Қызметтік куәліктің бет жағында, ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, көрсетілген бейнеден төмен баспаханалық шрифтпен "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASYNYŃ EKONOMIKALYQ TERGEÝ QYZMETİ" деген жазу жазылған.

      6. Қызметтік куәліктердің сол және оң жақ ішкі бөлігі қаржы мониторингі органдарының логотипін фондық бейнелеумен графикалық стильде жасалған.

      7. Қызметтік куәліктің сол жақ ішкі бөлігінде:

      жоғарғы бөлігінде көгілдір түсте жазылған "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY QARJY MINISTRLİGİ QARJY MONITORIŃGİ KOMITETİNİŃ EKONOMIKALYQ TERGEÝ QYZMETİ" деген жазу орналасқан;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы қызметкерінің қызметтік куәлігінде шағын мәтіннің астында тиісті аумақтық органның "oblysy/qalasy boıynsha Ekonomıkalyq tergeý departamenti" деген көгілдір түсте жазылған қысқартылған атауы орналастырылады;

      куәліктің сол жақ бөлігінде көгілдір түсте жазылған "№____KÝÁLİK" деген жазу орналасқан, оның астында ақ түсте жазылған біліктілік сыныбы, көгілдір түсте жазылған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және ақ түсте жазылған атқаратын лауазымы қазақ тілінде көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі көгілдір түсте басылады;

      төменгі жағында ақ түсте жазылған қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі мен қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі, одан төмен қызыл түсте жазылған "OQ-DÁRİMEN ATYLATYN QARÝDY SAQTAÝǴA JÁNE ALYP JÚRÝGE RUQSAT ETİLGEN" деген жазу орналастырылады;

      оң жақ бөлігінде қаржы мониторингі органдарының логотипі бейнеленген, оның астында көгілдір түсте жазылған "QARJY MONITORIŃGİ KOMITETİ" деген жазу, одан төмен көк түсте жазылған "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY QARJY MINISTRLİGİ" деген жазу орналастырылады.

      8. Қызметтік куәліктің оң жақ бөлігінде:

      жоғары бөлігінде көгілдір түсте жазылған "СЛУЖБА ЭКОНОМИЧЕСКИХ РАССЛЕДОВАНИЙ КОМИТЕТА ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ МИНИСТЕРСТВА ФИНАНСОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазу орналасқан;

      Комитеттің аумақтық органы қызметкерінің қызметтік куәлігінде шағын мәтіннің астында тиісті аумақтық органның көгілдір түсте жазылған "Департамент экономических расследований по городу________/_______ области" деген қысқартылған атауы орналастырылады;

      оң жақ бөлігінде көгілдір түсте жазылған "УДОСТОВЕРЕНИЕ № __" деген жазу орналасқан, оның астында ақ түсте жазылған біліктілік сыныбы, көгілдір түсте жазылған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және ақ түсте жазылған атқаратын лауазымы орыс тілінде көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі көгілдір түсте басылады;

      төменгі жағында қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі мен қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі ақ түсте көрсетіледі, одан төмен қызыл түсте жазылған "РАЗРЕШЕНО ХРАНЕНИЕ И НОШЕНИЕ ОГНЕСТРЕЛЬНОГО ОРУЖИЯ" деген орыс тілінде жазу орналастырылады;

      сол жақ бұрышында қызметкердің 3 сантиметр х 4 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкер бас киімсіз ақ түсті фонда іскерлік киім стилінде суретке түседі.

3-тарау. Қызметтік куәліктерді беру тәртібі

      9. Қызметтік куәліктер қызметкерлерге лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру кезінде, жоғалуына және бүлінуіне байланысты, сондай-ақ бұрын берілген қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін беріледі.

      10. Қызметтік куәліктер үш жыл мерзімге беріледі:

      Комитет төрағасының қолы қойылған – Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлеріне, қаржы мониторингі аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларына;

      аумақтық орган басшысының қолы қойылған – Комитеттің тиісті аумақтық органының ЭТҚ қызметкерлеріне.

      11. Қаржы мониторингі органдарына құқық қорғау қызметіне алғашқы рет қабылданған қызметкерге қызметтік куәлікті тапсырған кезде кадр қызметі оны пайдалану және сақтау жөнінде нұсқама өткізеді. Кейіннен қызмет бабында ауыстыру кезінде және қолданылу мерзімі өткеннен кейін бұрын берілген қызметтік куәлік оны алған жері бойынша кадр қызметіне қайтарылады.

      12. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда қызметкер болған жай туралы тікелей басшыға дереу жазбаша нысанда баяндайды және бұл туралы кадр қызметіне хабарлайды.

      Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, басқа адамдарға берудің, оны пайдакүнемдік немесе өзге де заңсыз мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімшесі күнтізбелік 10 күн ішінде қызметтік тексеру (тергеу) жүргізеді, жоғалған қызметтік куәлікті іздеуге, оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдайды.

      13. Қызметтік куәліктің жоғалу фактілерін жасыруды болдырмау үшін қаржы мониторингі органдарының кадрлық қызметтерінің қызметкерлері тоқсан сайын қызметтік куәліктердің болуын тексереді.

      Тексеру кезінде қызметтік куәлік болмаған жағдайда кадрлық қызметтің қызметкерлері қызметтік куәліктің болмауы туралы акт жасайды және жоғалту немесе бүліну фактісі анықталған жағдайда материал одан әрі 12 тармақта көрсетілген шаралар қабылдау үшін ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне жіберіледі.

      14. Экономикалық тергеу қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе лауазымы өзгерген кезде қызметтік куәлік ауыстыруға жатады.

      15. Жұмыстан босатылған, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарының қарамағына іссапарға жіберілген кезде қызметкерлер қызметтік куәлігін алған жердегі кадрлық қызметке тапсырады.

      16. Қызметтік куәліктерді, сондай-ақ оған тиісті материалдарды дайындау қаржы мониторингі органдарының қаржы бөлімшесіне жүктеледі.

      17. Қызметтік куәліктер белгіленген сипаттамаға сәйкес, сондай-ақ осы Сипаттаманың 1-қосымшасындағы серияларға сәйкес дайындалады.

      18. Қызметтік куәліктерді есепке алуды және беруді кадр қызметі қызметтік куәліктерді есепке алу және беру кітабында осы Сипаттаманың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізеді.

  Қаржы мониторингі
органдарының экономикалық
тергеу қызметінің
қызметкерлеріне Қызметтік
куәліктердің, сондай-ақ оларды
беру тәртібінің сипаттамасына
1-қосымша

Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне берілетін қызметтік куәліктердің сериясы

Қаржы мониторингі органының атауы

Куәліктер сериясы

Куәліктер нөмірі

1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті

KZ

№0000

2

Нұр-сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (бұдан әрі – ЭТД)

KZ-01

№0000

3

Алматы қаласы бойынша ЭТД

KZ-02

№0000

4

Ақмола облысы бойынша ЭТД

KZ-03

№0000

5

Ақтөбе облысы бойынша ЭТД

KZ-04

№0000

6

Алматы облысы бойынша ЭТД

KZ-05

№0000

7

Атырау облысы бойынша ЭТД

KZ-06

№0000

8

Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭТД

KZ-07

№0000

9

Жамбыл облысы бойынша ЭТД

KZ-08

№0000

10

Қарағанды облысы бойынша ЭТД

KZ-09

№0000

11

Қостанай облысы бойынша ЭТД

KZ-10

№0000

12

Қызылорда облысы бойынша ЭТД

KZ-11

№0000

13

Маңғыстау облысы бойынша ЭТД

KZ-12

№0000

14

Түркістан облысы бойынша ЭТД

KZ-13

№0000

15

Павлодар облысы бойынша ЭТД

KZ-14

№0000

16

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭТД

KZ-15

№0000

17

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЭТД

KZ-16

№0000

18

Шымкент қаласы бойынша ЭТД

KZ-17

№0000

  Қаржы мониторингі
органдарының экономикалық
тергеу қызметінің
қызметкерлеріне қызметтік
куәліктің, сондай-ақ оларды
беру тәртібінің сипаттамасына
2-қосымша
  Нысан

Қызметтік куәліктерді есепке алу және беру кітабы

қызметтік куәліктің №

Берілген күні

Қолданылу мерзімі

Кімге берілді тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Алғаны туралы қолхат

Нұсқаулық өткізу туралы қолхат

Қайтару туралы белгі

Жою туралы белгі











Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.