Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 ""Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы" статистикалық есептің нысанын және оның қалыптасуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Толықтыру
Өзгерту
Қабылдау күні
27.12.2019
Өзгерту күні
24.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 ""Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы" статистикалық есептің нысанын және оның қалыптасуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12397 тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы" статистикалық есеп нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы" статистикалық есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Есеп электронды ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – ЭАЕҚ) осы нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес "Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы" (ЖКО-1), осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес "Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка" (ЖКО-2) осы нұсқаулықтың 2-1-қосымшасына сәйкес нысанда "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі-ҚР ҚПК) 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсынуларды есепке алу карточкасы" (Құқық бұзушылық жасауға және заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою туралы) (бұдан әрі–ЖКО-3), осы нұсқаулықтың 2-2-қосымшасына сәйкес "ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде (ЖКО-4) енгізіліп қаралған ұсынулар шешімдерін есепке алу карточкасы" (бұдан әрі- ЖКО-4) негізінде қалыптастырылады;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ЖКО-1 және ЖКО-2 ЭАЕҚ әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен ЖКО құжаттарымен қатаң сәйкестікте толтырылады, ЖКО-3 және ЖКО-4 ЭАЕҚ қылмыстық қудалау қызметкерлерімен ҚР ҚПК 200–бабы тәртібінде құқық бұзушылық жасауға және заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою туралы ұсыну (бұдан әрі-ұсыну) енгізу және оның жауабымен толтырылады.";

      11-1 және 11-2 тармақтарымен толықтырылсын:

      "11-1. ЖКО-3 ЭАЕҚ ұсыну енгізілген әрбір ЖКО-ға толтырылады.

      1-деректеме ЖКО-1 ЭАЕҚ тиісті деректемесіне ұқсас толтырылады.

      2-деректемеде тіркеу органы көрсетіледі.

      3-деректеме санмен көрсетілетін, мысалы: 01.01.2015, ұсынуды енгізу күні туралы мәліметтерден тұрады.

      4-деректеме санмен көрсетілетін ұсынуды енгізу күні туралы мәліметтерден тұрады.

      5-деректемеде ұсынудың шығыс нөмірі толтырылады.

      6-деректемеде ұсыну енгізілген ұйымның атауы көрсетіледі.

      7-деректеме ұсыну енгізілген ұйымның меншік нысанын қамтиды.

      8-деректемеде іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі толтырылады.

      9-деректемеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі-ҚР ҚК) ЖКО бойынша біліктілігі көрсетіледі.

      10-деректемеде ұсынудың мәні және онда баяндалған шаралар жазылады.

      11-14-деректемелерде ЭАЕҚ толтырып қол қойған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы көрсетіледі.

      11-2. ЖКО-4 ЭАЕҚ енгізілген ұсынуға жауап алған әрбір ЖКО-ға толтырылады.

      1-деректеме ЖКО-1 ЭАЕҚ тиісті деректемесіне ұқсас толтырылады.

      2-деректемеде тіркеу органы көрсетіледі.

      3-деректеме санмен көрсетілетін ЖКО күні туралы мәліметтерді қамтиды.

      4-деректеме санмен көрсетілетін ұсынуды енгізу күні туралы мәліметтерден тұрады.

      5-деректемеде ұсынудың шығыс нөмірі толтырылады.

      6-деректемеде ұсыну енгізілген ұйымның атауы көрсетіледі.

      7-деректеме ұсыну енгізілген ұйымның меншік нысанын қамтиды.

      8-деректемеде іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі толтырылады.

      9-деректемеде ҚР ҚК ЖКО бойынша біліктілігі көрсетіледі.

      10-деректемеде ұсынудың мәні және онда баяндалған шаралар жазылады.

      11-деректемеде ұсынуға қол қойған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толтырылады.

      12-деректемеде осы ұсыну бойынша қабылданған шешім таңдалады: қаралды (1), қараусыз қалдырылды (2), ішінара қанағаттандырылды (3).

      Ұсыну қараусыз қалдырылған жағдайда 13-деректемеде негіздеме көрсетіледі.

      14-деректемеде санмен көрсетілетін ұсынуға жауап алынған күн толтырылады.

      15-деректемеде ұсынуға жауаптың шығыс нөмірі толтырылады.

      16-деректемеде ұсынуды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар көрсетіледі.

      17, 18-деректемелерде ұсынуға жауапқа қол қойған басшының мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) көрсетіледі.

      19, 20-деректемелерде карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) тұрады.

      ЖКО-3 пен ЖКО-4 ЭАЕҚ ұсынулардың графикалық көшірмелері және жауап алған жағдайда, берілген жауаптардың графикалық көшірмелері салынады. Ұсынуды жіберген кезде қылмыстық қудалау органдары ұсынуды орындалу барысын бақылау және оларды қарау нәтижелерін одан әрі толтыру үшін міндетті түрде көшірмесін әкімшілік полиция органдарына жібереді.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. ЖКО-1, ЖКО-2, ЖКО-3 және ЖКО-4 ЭАЕҚ енгізу және есепке қою";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ЖКО-1 және ЖКО-2 ЭАЕҚ СДТБТ АЖ-ға ЖКО болған сәттен бастап үш тәулік ішінде, ЖКО-3 ЭАЕҚ қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері ЖКО-ны саралау нәтижелері бойынша СДТБТ АЖ-ға және ұсыну енгізілгеннен кейін үш тәулік ішінде енгізеді. ЖКО-4 ЭАЕҚ әкімшілік полиция қызметкерлерімен енгізілген ұсыныстарға жауап алу нәтижелері бойынша үш тәулік өткеннен кейін енгізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. ЖКО-1, ЖКО-2 және ЖКО-4 ЭАЕҚ толтырған әкімшілік полиция қызметкері, оларға қол қойған әкімшілік полиция бөлімшесінің лауазымды адамы ЖКО-1, ЖКО-2, ЖКО-4, қылмыстық қудалау органдарының қызметкері ЖКО–3 ЭАЕҚ мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ олардың уақытылы енгізілуін қамтамасыз етеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. ЖКО туралы есепке мынадай жағдайда есепке алынған деректер қосылмайды:

      автокөлік немесе мотоцикл спорты іс-шаралары (жарыс, дайындық) кезінде көрермендер, қатысушылар және спорттық іс-шарада қызмет көрсетушілер жарақаттанған кезде;

      КҚ технологиялық өндірістік операцияларды, адамдарды немесе жүкті тасымалдаумен қатысты емес, (трашнтарды тығыздау, ауылшаруашылық жұмыстары, жүктеу-түсіру жұмыстары, тіреуіштер) орындау кезінде;

      табиғи апаттар нәтижесінде;

      КҚ қауіпсіздік және жұмыс техникасын бұзу нәтижесінде (қозғалтқышты қосулы передача кезінде қосу, механизмдердің, құрылғылардың қосылып-ағытылуы кезінде);

      өз-өзіне қол жұмсау мен ақылсыздық жағдайында жасалған әрекеттерге байланысты;

      қасақана өмірге немесе денсаулыққа қол сұғушылық немесе мүліктік зақым әкелу мақсатында жасау нәтижесінде;

      жолдан тыс жерде;

      жол қозғалысына қатысушының кенеттен денсаулығының нашарлап кетуі себебінен толығымен жағдайды бақылау қабілетінен айырылу нәтижесінен (автокөлікпен жүру уақытында жүргізушінің жүрегінің тоқтап қалуы, жол жүру аумағына эпилепсияға шалдыққан адамның құлауы және ұқсас жағдайлар), үнемі немесе үнемі емес жолаушыларды, багажды, жүкті тасымалдаушы, оның ішінде сапар алдындағы және сапардан кейінгі медициналық қарау таралатын қауіпті жүкті тасымалдау кезінде.";

      Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың 3, 4-қосымшасына сәйкес нұсқаулықтың 2-1, 2-2-қосымшаларымен толықтырылсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 161 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 131 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

"Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы" есеп

Атауы


Жол-көлік оқиғасының барлығы (бұдан әрі - ЖКО)

Оның ішінде есептік кезеңде келіп түскен Ақпараттық есепке алу құжаты (,ұдан әрі–АЕҚ) бойынша өткен жылда тіркелген ЖКО саны

ЖКО салдарынан зардап шеккен адамдар саны

Оның ішінде есептік кезеңде келіп түскен АЕҚ бойынша өткен кезеңдерде зардап шеккен адамдар саны

Жарақаттанғандар саны

Барлығы

Ауруханаға орналастырыл-ғандар саны

Ерлер

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы

1








Нұр-Сұлтан қаласы

2








Алматы қаласы

3








Шымкент қаласы

4








Ақмола облысы

5








Ақтөбе облысы

6








Алматы облысы

7








Атырау облысы

8








Шығыс Қазақстан облысы

9








Жамбыл облысы

10








Батыс Қазақстан облысы

11








Карағанды облысы

12








Қостанай облысы

13








Қызылорда облысы

14








Маңғыстау облысы

15








Павлодар облысы

16








Солтүстік Қазақстан облысы

17








Түркістан облысы

18








      кестенің жалғасы

Атауы


Жарақаттанғандар саны

Қаза тапқандар саны

Барлығы Қазақстан Республикасыың Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі –ҚР ҚПК) 200-бабы тәртібінде енгізілді

Барлығы ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде қаралды

Әйелдер

Кәмелетке толмағандар

Барлығы

Ерлер

Әйелдер

Кәмелеткетолмағандар

А

Б

8

9

10

11

12

13

14

15

Барлығы

1









Нұр-Сұлтан қаласы

2









Алматы қаласы

3









Шымкент қаласы

4









Ақмола облысы

5









Ақтөбе облысы

6









Алматы облысы

7









Атырау облысы

8









Шығыс Қазақстан облысы

9









Жамбыл облысы

10









Батыс Қазақстан облысы

11









Карағанды облысы

12









Қостанай облысы

13









Қызылорда облысы

14









Маңғыстау облысы

15









Павлодар облысы

16









Солтүстік Қазақстан облысы

17









Түркістан облысы

18









  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 161 бұйрығына
2-қосымша
  "Адамдардың
жарақаттануларына немесе қаза
болуларына әкелген жол көлік
оқиғалары туралы"
статистикалық есепті
қалыптастыру Нұсқаулығына
1-қосымша
  нысан

Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы (ЖКО-1)

      1. Карточка нөмірі /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/

      Тіркеу органы ____________________________________________________

      2. Бастапқы тіркеу: Мағлұмат есеп кітабы (1), Әліпбилік журнал (2), кіріс құжаттарын есепке алу журналы (3), басқа да көздер (4), № ___________ "_____" _______________ 20_____ жылы.

      3. Жол-көлік оқиғасы (одан әрі - ЖКО) болған күн: "__" ________ 20__ жыл

      4. ЖКО болған апта күні: Дүйсенбі (1), Сейсенбі (2), Сәрсенбі (3), Бейсенбі (4), Жұма (5), Сенбі (6), Жексенбі (7).

      5. ЖКО болған тәулік: "_____" сағат "_____" минут

      6. ЖКО болған орын: елді мекен (1), елді мекен атауы __________________,

      көше атауы_________________; халықаралық, республикалық маңызы бар жол бойында (2), облыстық, аудандық маңызы бар жол бойында (3), қоршалған және қорғалатын аумақта (4), қозғалысқа арналмаған аумақтарда (5).

      6.1. Километр, метр, тасжол № _____________________________________

      6.2. Көше, жол элементтері,: көпір (жол өтпесі) (01), виадук (02), эстакада (03), қоғамдық көліктің тоқтайтын аймағы (04), реттелетін жаяу жүргіншілерге арналған жол (05), реттелмейтін жаяу жүргіншілерге арналған жол (06), реттелетін көше қиылысы (07), реттелмейтін көше қиылысы (08), шлагбаум қойылған теміржол өткелі (09), шлагбаум қойылмаған теміржол өткелі (10), айналмалы қозғалыс (11).

      7. Жол шарттары: жол жабынының түрі - дымқыл (01), қар басқан (02), мұз қатқан (03), жол жөндеу кезінде (04), құрғақ (05), ластанған (06), жаңадан төселген (07), жеңіл-желпі өңдеу (тайғақтыққа қарсы материалмен өңделген) (08);

      жарықтық: күндіз (09), ымырт уақыты (10), түнде (11);

      қараңғы уақытта сырттағы жарық: қосылған (12), қосылмаған (13), жарық жоқ (14).

      7.1. Жол торабында анықталған кемшіліктер: тайғақ жабын (01), тегіс емес жабын (02), жолдың дағдылылығы (03), ойымдар (04), жол жиегінің қанағаттандырмайтын жағдайы (05), жол өтпесі қаранымының жол кеңдігіне сәйкес келмеуі (06), теміржол өткелінің ұсынылған талаптарға сай келмеуі (07), ағаштар (08), жарықтандыру шамдарының тірегі (қағып өту, көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда) (09), жаяужолдың жоқтығы (10), жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы (11), қауіпті аймақтарда қоршаудың болмауы (12), жол бөлігінің жеткіліксіз жарықтандырылуы (13), жұмыс өндірісі орындарында қоршаудың және белгі беру құралдарының болмауы (14), жол белгілерінің жоқтығы немесе олардың дұрыс қолданылмауы (15), жол қозғалысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың ақауы немесе олардың нашар көрінуі (16), ол белгілеуінің жоқтығы немесе оның нашар көрінуі (17), өзге жағдай (18), жоқтығы (19).

      7.2. Ауа-райы жағдайлары: ашық (1), бұлтты (2), тұман (3), жауын (4), қар (5).

      7.3. Жолда қозғалыс жолақтарының жалпы саны: ____

      7.4. Аймақтағы жылдамдық шектелуі: ___

      8. ЖКО түрі: қарсы соқтығысу (1), бүйірімен соқтығысу (2), жол-жөнекей соқтығысу (3), жолаушының құлауы (4), аударылу (5), тоқтап тұрған көлік құралын қағып өту (одан әрі – КҚ) (6), кедергілерді қағып өту (7), жаяу жүргіншіні қағып өту(8); велосипед жүргізушісін қағып өту (9), жегін көлікті қағып өту (10); жануарды қағып өту (11), басқа да оқиға түрлері (12)

      9. Жол қозғалысы ережесін бұзу (одан әрі - ЖҚЕ): ЖҚЕ немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтан асыру (01), қызыл жарық немесе реттеушінің белгі беруіне бағынбау (02); жол белгілері мен белгі қою талаптарын сақтамау (03); жаяу жүргіншілер немесе басқа жол пайдаланушыларға қозғалыстағы басымдылықты ұсынбау (04); жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау (05); жүк тасымалдары (06); КҚ маршруттарын тоқтату (07), тұрғын аудандардағы қозғалыс (08), буксирлеу (09); басқа да ЖҚЕ өрескел бұзушылықтар (10); жол қиылыстарынан өту немесе жолдың жүрі бөлігін қиып өту ережелерін бұзу (11); маневрлену (12); КҚ-нің жолдың жүріс бөлігінде орналасуы (13); қарама-қарсы жол қозғалысы сызығына шығу, немесе басып озу (14); аялдамалар немесе КҚ тұрақтары (15); жүру кезінде артықшылық құқықтары берілген КҚ кедергісіз жүру мүмкіндігін беру (16); жарық беру құралдарын қолдану (17); төтенше дабылдарды пайдалану (18); жол қозғалысы қатысушысы төтенше жағдайға әкелген ЖҚЕ ережелерін бұзу (19); теміржол өткелдерінен өту (20); ара-қашықтықты сақтамау (21); жол қозғалысы қауіпіне әкеле алатын жағдайлардан қашу мақсатында КҚ ауру және шаршаған күйде жүргізу (22); алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлықты мас күйінде КҚ жүргізу (23); КҚ жүргізушілердің жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу (24);

      жүргізушінің тыйым салынатын ЖКО байланысты міндеттерді орындамауы (26); жаяу жүргіншілермен ЖҚЕ бұзудың басқа да түрлері (27).

      10. ЖКО қатысқан көлік құралдарының саны: _________________________

      11. КҚ туралы мәліметтер:

№ ТС п/п

КҚ санаты

Руль басқаруының орналасуы (оң/сол)

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

кузов №

КҚ маркасы, моделі, шығарылған жылы

Шығарылған жылы

Жүргізушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘА)

Жүргізуші жасы

КҚ санатымен жүргізу құқығы (бар\ құқығынан айырылған \ жоқ)

Жүргізуші куәлі гінің №, берілген күні

ЖКО орнынан жасырынған кетті (жоқ \ иә)

Жолаушылар саны














      12. ЖКО фабуласы:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      13. Саны: жарақаттанғандар ____________, қаза болғандар _____________

      13-1. Медициналық қызметтің шақыру уақыты:___.

      13-2. Медициналық қызметтің келу уақыты:___.

      14. ЖКО кінәлі қатысушысы: жүргізуші (1); жаяу жүргінші (2); ЖКО орнынан жасырынған (3); кәмелет жасқа толмаған (4), шетел азаматы /азаматтығы жоқ адам (5), жол қызметі (6), жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер(7), коммуналдық қызмет (8).

      14.1. ЖКО-ға кінәлі адамның ахуалы: масаю жағдайдың болмауы, сау күйде (1), алкогольдік масаю (2), есірткілік масаю (3), уытқұмарлық масаю (4); денсаулығының күрт нашарлануы (5), үздіксіз жол жүру уақыты (6).

      14.2. Кінәлі жаяу жүргіншінің Т.А.Ә (бар болған жағдайда):

      14.3. Туған күні ____________, ЖКО уақыттағы жасы ____, кінәлі жүргізуші немесе жаяу жүргіншілердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), кінәлі жүргізуші, жүргінші жынысы___: ___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/.

      15. Карточканы толтырған әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерінің Т.А.Ә (бар болған жағдайда) және лауазымы_______________________________________________________

      16. ЖКО туралы қабылданған шешім: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша хаттама нөмірі;

      ___________________________ немесе СДТБТ _________________________, заңының

      _______________________________________________________ тармақ, бөлім, бап.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 161 бұйрығына
3-қосымша
  "Адамдардың
жарақаттануларына немесе қаза
болуларына әкелген жол көлік
оқиғалары туралы"
статистикалық есепті
қалыптастыру Нұсқаулығына
2-1-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсынуларды есепке алу карточкасы (ЖКО-3)

      1. Карточканың нөмірі /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/

      2. Тіркеу органы __________________________________________________

      3. ЖКО жасалған күні мен уақыты "___" __________ 20__ жыл "_ _ _ " сағат "___" минут.

      4. Ұсынуды енгізу күні "___" __________ 20__ жауап:

      5. Ұсынудың шығыс нөмірі _________________________________________

      6. Ұсыну енгізілген ұйымның атауы __________________________________

      ________________________________________________________________

      7. Ұсыну енгізілген ұйымның меншік нысаны _________________________

      8. Іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі ____________

      9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің саралануы ________________ тармақ, бөлім, бап.

      10. Ұсынуда баяндалған шаралар: (шаралар белгілері).

      11. Ұсынуға қол қойған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________

      12. Ұсынуға қол қойған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің лауазымы

      ________________________________________________________________

      13. Карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________

      14. Карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің лауазымы

      ________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 161 бұйрығына
4-қосымша
  "Адамдардың
жарақаттануларына немесе қаза
болуларына әкелген жол көлік
оқиғалары туралы"
статистикалық есепті
қалыптастыру Нұсқаулығына
2-2-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген қаралған ұсынулардың шешімдерін есепке алу карточкасы (ЖКО-4)

      1. Карточканың нөмірі/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/.

      2. Тіркеу органы __________________________________________________

      3. ЖКО жасалған күні мен уақыты "___" __________ 20__ жыл "_ _ _" сағат "___" минут

      4. Ұсынуды енгізу күні "___" __________ 20__ жауап:

      5. Ұсынудың шығыс нөмірі _________________________________________

      6. Ұсыну енгізілген ұйымның атауы __________________________________

      ________________________________________________________________

      7. Ұсыну енгізілген ұйымның меншік нысаны _________________________

      8. Іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі____________

      9. ҚР Қылмыстық кодексінің саралануы __________________ тармақ, бөлім, бап.

      10. Ұсынуда баяндалған шаралар: (шаралар белгілері).

      11. Ұсынуға қол қойған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) лауазымы

      ________________________________________________________________

      12. Осы ұсыну бойынша қабылданған шешім: қаралды (1), қараусыз қалдырылды (2), ішінара қанағаттандырылды (3).

      13. Ұсынуды қараусыз қалдыру негізі ________________________________

      ________________________________________________________________

      14. Ұсынуға жауап алу күні "___" __________ 20__ жауап.

      15. Ұсыну жауаптың шығыс нөмірі ___________________________________

      16. Ұсыну қарау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар ____________

      17. Ұсынуға жауапқа қол қойған басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________________________

      ________________________________________________________________

      18. Ұсынуға жауапқа қол қойған басшының лауазымы __________________

      ________________________________________________________________

      19. Карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________

      20. Карточканы толтырған ішкі істер органдары бөлімшесі қызметкерінің лауазымы

      ________________________________________________________________

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.