"Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
07.10.2019
Өзгерту күні
26.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр–Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1170 тіркелген, 2018 жылдың 24 сәуірінде "Aстана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын";

      "Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілді" деген сөз "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен бекітілді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Астана қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі: "Астана" деген сөз барлық мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Қ. Таукен
      Нұр-Сұлтан қаласы
      маслихатының хатшысы Ж. Нурпейісов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.