"Астана қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Толықтыру
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
05.04.2019
Өзгерту күні
06.03.2019
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңның 29-бабы 6-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1098 тіркелген, 2017 жылдың 20 сәуірінде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады;";

      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "6,5" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Шығындарды өтеу әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылатын "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасына сәйкес тиісті қаржы жылына Астана қаласының бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы Қ. Әбден
      Астана қаласы
      маслихатының хатшысы Ж. Нурпейісов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.