"Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
12.04.2019
Өзгерту күні
06.03.2019
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 959 тіркелген, 2015 жылдың 3 қарашасында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1- қосымшасында:

      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 2) тармақшасындағы "11" деген сандар алынып тасталсын;

      10- тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген барлық санаттағы 15 жасқа дейінгі оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін – балалардың ай сайынғы жол жүру билетін көлік картасын толықтыру жолымен сатып алу";

      2), 3) тармақшалардағы "ақша қаражатын төлеу" деген сөздер "көлік картасын толықтыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген тұлғаларды қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек көлік картасын толықтыру үшін жол жүру билетін сатып алуға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жолымен жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әкімші әрбір білім беру ұйымы ұсынған өтінімге сәйкес балалардың ай сайынғы жол жүру билеттерінің көлік картасын толықтыру үшін тізім жолдайды.".

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы Қ. Әбден
      Астана қаласы
      маслихатының хатшысы Ж. Нурпейісов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.