Бурабай аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 6С-38/6 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Толықтыру
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
09.09.2019
Өзгерту күні
04.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Бурабай ауданының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихаттың "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 6С-38/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7059 тіркелген, 2019 жылғы 04 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      2 тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.";

      3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3. Осы Қағидалар Бурабай ауданының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген адамдарға таралады.";

      8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;

      2) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      3) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;

      4) Қарттар күні – 1 қазан;

      5) Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі.";

      9 тармақтың 15 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "көпбалалы отбасыларына (ата-аналардың біріне) және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына;";

      10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына бір реттік көмек;

      2) Жеңіс күніне:

      бір реттік көмек:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусымнан – 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған тұлғаларға;

      3) саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған тұлғаларға бір реттік көмек;

      4) Қарттар күніне:

      ең төмен зейнетақы алатын және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге бір реттік көмек;

      5) Мүгедектер күніне:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір реттік көмек;

      6) отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін 3 айдан кешіктірмей жүгінген кезде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:

      онкологиялық аурулармен ауыратын, стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы тұлғаларға әлеуметтік көмектің шекті шамасы 15 айлық есептік көрсеткіш;

      туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне әлеуметтік көмектің шекті шамасы 15 айлық есептік көрсеткіш;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтік көмектің шекті шамасы 15 айлық есептік көрсеткіш;

      отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайлардағы әлеуметтік көмектің шекті шамасы 30 айлық есептік көрсеткіш;

      7) облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансфертер есебінен оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған немесе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама негізінде, жылына бір рет жылдық оқуының 100 % құны мөлшерінде оқуына төлеуге;

      8) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 % мөлшерінде:

      сумен, канализация, жылумен, қоқыстарды жою, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай қызмет көрсетушілердің шоттарына;

      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету алушылардың жеке шоттарына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.

      Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын және тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі;

      9) Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне, көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен оқуы үшін 100 % мөлшерінде төлеуге;

      10) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторлық-курорттық емдеуге ағымдағы қаржы жылына қарастырылған сомалар шегінде, мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын жолдамалар түрінде.

      Санаторлық-курорттық емдеуден өту мерзімі 10 күнді құрайды. Санаторлық-курорттық емделуге құқық өтініш берген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде күнтiзбелiк жылда бір реттен аспайтындай беріледі. Санаторлық-курорттық емдеуден өту орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын төлеу санаторлық-курорттық емдеуді алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Өтiнiш берушi санаторлық-курорттық емдеуден өз қалауы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтаруға және кезектілікке сәйкес басқа өтiнішкерге беруге жатады;

      11) жақын туыстарының өтініші бойынша мүгедектігі жоқ, қайтыс болған Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің шекті шамасындағы бір реттік жәрдемақы;

      12) бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын көпбалалы отбасыларға, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, 15 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің шекті шамасында, өтініш бойынша күнтiзбелiк жылда бір рет берілетін көмек;

      13) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, өтініш бойынша көпбалалы отбасыларына (ата-аналардың біріне) және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына заттай түрінде тоқсан сайынғы көмек (Щучинск қаласында тұратын 1 адамға тоқсанына 126 дана мөлшерінде жол жүру талондары).";

      11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.";

      13 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгiлiк қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтi;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметті;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.";

      15 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.";

      16 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.";

      19 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.";

      21 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХLVІ
(кезектен тыс) сессиясының
төрағасы
Р.Қайдауылов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының
әкімі
Ә.Мұздыбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.