Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
25.12.2019
Өзгерту күні
19.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Мұғалжар ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4930 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігіне, айына 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;

      2) үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға айына 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      3) онкологиялық аурудан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын ауданның медициналық мекемелері берген тізімдерге сәйкес жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедектерге және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін;

      5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерiнде.";

      9 тармақта:

      1) тармақшасында:

      "300 000 (үш жүз мың)" сандары "500 000 (бес жүз мың)" сандарына

      ауыстырылсын;

      16 тармақта:

      2) тармақша алынып тасталсын;

      17 тармақта:

      3) тармақша алынып тасталсын.

      2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      А. Жукашев
      Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы
      Р. Мусенова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      ___________________ Б. Бисенгалиева
      _____ ____________ 2019 жыл

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.