"Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
11.10.2019
Өзгерту күні
27.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Шымкент қаласының мәслихаты (ҚР Президентіні 19.06.2018 ж. № 702 Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылды)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ауланған қаңғыбас жануарлар, жануарларды иесіне бергенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталған оқшаулағышқа жеткізіліп, онда 3 күн ұсталады";

      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ұйым әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні орналастырылады және ұйымның байланыс деректері, аулаған жануар туралы ақпарт (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануарлардың фото суреті болады. Ақпарат сайтта 3 күн сақталады";

      24-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ауланғаннан кейін 3 күн өткеннен кейін, талап етілмеген емделмейтін ауруға шалдыққан қаңғыбас жануарлар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, медикаментоздық ізгілікті жолмен жансыздандырылуға жатады".

      2. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Д.Үсенов
      Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы
Ғ. Ташқараев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.