Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
06.01.2020
Өзгерту күні
30.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Шахтинск қаласының әкімдігі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 53/01 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қаңтардағы электрондық түрдегі, 2018 жылғы 12 қаңтардағы "Шахтинский вестник" № 2 газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Л.Д. Буравкоға жүктелсін.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы ______________
№____ қаулысына қосымша

Шахтинск қаласының және іргелес кенттердің жайылым айналым схемасы

     


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.