Ақтоғай аудандық маслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 296 "2019 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
19.09.2019
Өзгерту күні
16.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Ақтоғай ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 296 "2019 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5286 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 18 сәуірде және аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі №16 (7699) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2019 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтініш берген сәтіне жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын".

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абеуов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.