Қарқаралы аудандық маслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № VI-39/334 "Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын 2019 жылы ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
09.09.2019
Өзгерту күні
03.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қарқаралы ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы аудандық маслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № VI-39/334 "Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын 2019 жылы ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5158 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 1 ақпанда және аудандық "Qarqaraly" газетінің 2019 жылғы 9 ақпандағы № 6 (116101) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтініш берген сәтіне жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Кәрім
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.