Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының № 262 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
15.01.2020
Өзгерту күні
30.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Осакаров ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының №262 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 5 (7385) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 6 ақпанында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      4) 6 шілде – Астана күні;

      5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

      6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

      7) 1 қазан – Қарттар күні;

      8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.";

      16-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Ямковой
      Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы К. Саккулаков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.