Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/442 "Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
04.11.2019
Өзгерту күні
25.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Маңғыстау облысының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 10-11-312 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/442 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2937 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      Қарақия ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларында:

      30 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Қарақия ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдар ("Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Қарақия ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Әбдірахман
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.