Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
12.08.2019
Өзгерту күні
01.08.2019
Актіні қабылдаған орган
Қарақия ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, 20 - 1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы №7/84 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3271 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда "Қарақия" газетінде жарияланған) және "Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 "Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы №9/115 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3371 болып тіркелген, 2017 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д.Сабытова) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Дүсүпов
      Қарақия аудандық мәслихаты хатшысының
      өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Д.Сабытова

  Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы
  1 тамыздағы № 32/327 шешіміне
  қосымша

Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен (ҚҚС жоқ)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м 3

1429,63 теңге

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

213,26 теңге

      Ескерту:

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС – қосылған құн салығы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.