Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
07.06.2019
Өзгерту күні
03.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Рудный қаласының әкімдігі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің
2019 жылғы 3 маусымдағы
№ 667 қаулысына қосымша

Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      1. 50 лет Октября көшесі, № 66 үйдің қасында.

      2. И. Франко көшесі, № 9 үйдің қасында.

      3. 50 лет Октября көшесі, № 25 үйдің қасында.

      4. Горняков көшесі, № 43 үйдің қасында.

      5. П. Корчагин көшесі, № 88 үйдің қасында.

      6. П. Корчагин көшесі, № 112 үйдің қасында.

      7. Горняков көшесі, № 68 үйдің қасында.

      8. Горький көшесі, № 58 үйдің қасында.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.