Мәслихаттың 2018 жылғы 17 мамырдағы № 257 "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
27.11.2019
Өзгерту күні
18.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Қарабалық ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 17 мамырдағы № 257 шешіміне (2018 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7790 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрағасы В. Гизатов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.