Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Қабылдау күні
12.04.2019
Өзгерту күні
09.04.2019
Актіні қабылдаған орган
Қостанай ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 185 шешімінің (2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4611 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Мәслихаттың
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 381 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің (бұдан әрі - Озерный ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Озерный ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Озерный ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиын Озерный ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Озерный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Озерный ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Озерный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Озерный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Озерный ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Озерный ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Озерный ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 381 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің Озерный ауылының тұрғындары үшін

70

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің Суриковка ауылының тұрғындары үшін

25

3

Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің Шишкинское ауылының тұрғындары үшін

45


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.