"Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 401 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
31.05.2019
Өзгерту күні
27.05.2019
Актіні қабылдаған орган
Алматы қаласының мәслихаты

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 401 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1248 тіркелген, 2016 жылғы 6 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLVII
сессиясының төрағасы
И. Байрамуков
      VI сайланған Алматы қаласы
маслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.