Дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
06.08.2019
Өзгерту күні
29.07.2019
Актіні қабылдаған орган
Алматы қаласының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс LI сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
Қ. Қазанбаев

  Алматы қаласы мәслихатының
2019 жылғы 29 шілдедегі № 375
шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде
тегін берілетін дәрілік заттар

р/с № Назологиясы Атауы Шығарылу түрі/дозасы/
сипаттамалары
Халықаралық патенттелмеген атауы Саудалық атауы

1.

Өкпе қатерлі ісігі

Осимертиниб

Тагриссо

үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 80 миллиграмм.

2.

Асқазан қатерлі ісігі

Рамуцирумаб

Сирамза

инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
10 миллиграмм/10 миллилитр,
10 миллилитр.

3.

Сүт безі қатерлі ісігі

Палбоциклиб

Айбранс

капсулалар, 100 миллиграмм және капсулалар,
125 миллиграмм.

4.

Көптеген миелома

Даратумумаб

Дарзалекс

инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат:
400 миллиграмм/
20 миллилитр, 20 миллилитр және 100 миллиграмм/
5 миллилитр, 5 миллилитр.


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.