"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
21.02.2019
Өзгерту күні
15.02.2019
Актіні қабылдаған орган
Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаты

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5082 болып тіркелді) мына өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жызылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 15 ақпандағы № 30/3 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/8 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша берілетін тегін дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар

Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы

Аурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы

Сирек аурулардың синонимдері және атаулары

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы)

Халық санаты

1.

Инфликсимаб
Тоцилизумаб
Адалимумаб

Балалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артриті (M 08.2)

Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған балалар

2.

Тобрамицин

Зат алмасуының бұзылуы (Е 84.8)

Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

3.

Бозентан
Илопрост
Силденафил
Риоцигуат

Өкпелік бастапқы гипертензия (I 27.0)

Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГ

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

4.

Ибрутиниб
Венетоклакс

Таралған ходжкиндік емес лимфома (С 83)

Таралған ходжкиндік емес лимфома

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

5.

Пирфенидон

Өкпенің интерстициалдық басқа аурулары (J 84.1)

Идиопатиялық өкпенің фиброзы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

6.

Бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар

Көпіршікті эпидермолиз (Q 81)

Буллезді эпидермолиз

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

7.

Ритуксимаб

Дәнекер тіннің жүйелік зақымданулары (М 31.3)

Вегенер гранулематозы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

8.

Инфликсимаб

Жұқпалы емес энтерит пен колит (К 51)

Ойық жаралы колит

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

9.

Эверолимус

Органдар мен тіндер ауыстырғаннан кейінгі күйлері (Z 94.0)

Трансплантацияланған бүйректің болуы

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

10.

Алглюкозидаза альфа

Гликоген жиналу аурулары (E 74.0)

Помпе ауруы (2 типті гликогеноз)

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.