Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/5 "Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
26.11.2019
Өзгерту күні
22.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңының 24-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/5 шешіміне (2019 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихат сессиясының төрағасы
Ю. Белоног
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 22 қарашадағы № 38/10 шешіміне қосымша
  Солтүстік облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қазандағы №37/5 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесі

№ р/с

Атауы

1

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы мектепке дейінгі балалар мекемелерін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру

2

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының білімдік кәсіби-техникалық мекемелерінде омарташыларды оқыту

3

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының білім беретін мекемелері мектеп асханаларының мүлкін жаңғыртылу және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру

4

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі үшін 244 орынға арналған жатақхана салу

5

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы "Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық бала-жасөспірім кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханалық-білімдік кластер құру

6

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау объектілеріндегі жабдықты жаңғырту

7

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы "Петерфельд орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру

8

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында оңалту орталығын құру

9

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны үшін 244 орындық жатақхана салу және пайдалану

10

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Жамбыл көшесі, 82 мекенжайында орналасқан "Олимп" облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дәмхана-асханасының мүлкін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру

11

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу және пайдалану

12

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылындағы КТ-4 "Новоникольское-Андреевка-Бостандық-Новомихайловка" автомобиль жолының 2 километріндегі көпірді реконструкциялау


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.