"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
13.12.2019
Өзгерту күні
11.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаты

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/5 шешіміне (Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 шілдеде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3835 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімінің қосымшасында:

      4-бағанда, реттік нөмірі 7-жолдағы "20" санын "22" санымен ауыстырылсын;

      4-бағанда, реттік нөмірі 52-жолдағы "Универсальная көшесі 1, 2, 3, 4, 5, 6" деген сөздер "Универсальная көшесі, 3-үй" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-бағандағы реттік нөмірі 62-жолдағы "Мир" деген сөз "Нұрсұлтан Назарбаев" сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 79-жол алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ю.Белоног
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В.Бубенко

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.