Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 13-3 "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
31.10.2019
Өзгерту күні
30.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Ақжар ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 сәуірдегі №13-3 "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (2017 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілген қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      қағидаларының 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 30 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Көпеев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихат
хатшысының уақытша
міндетін атқарушы
Б.Закенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      _____________________ Қ.Ақсақалов

      2019 жылғы " ___" ______________

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 47-6 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері

№ т/т

Атаулы күндердің, мереке күндерінің атаулары және әлеуметтік көмек алушылар санаттары

Әлеуметтік көмек көрсету еселігі және мөлшері

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған, зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрген басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні

1

"Алтын алқа", "Күміс алқа", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

2

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірі радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық тұрғыда мүгедек болып қалған олардың балалары.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсатты объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

4

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе қайтыс болуы белгіленген тәртіпте солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасылары. 

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлігіне, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

2

Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

 
9 мамыр – Жеңіс күні

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына 1(бір) рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштер

2

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Ұлы Отан Соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

4

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болған адамдар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

5

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың жедел оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

7

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

8

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

9

Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар. 

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

10

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Белорус Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруы кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

11

Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе қорғанысы объектілерінің өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

12

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (ерлері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа да себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (ерлері).

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

13

Ұлы Отан Соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар. 

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

2

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты, Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.

Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.

Жылына 1(бір) рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштер

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.

Жылына 1(бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер

3

Құрамында бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасылар.

Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.