Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ "Атырау облысындағы көші–қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
01.07.2019
Өзгерту күні
21.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Атырау облысының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXXII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ "Атырау облысындағы көші – қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3942 тіркелген, 2017 жылы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Атырау облысындағы көші – қон процестерін реттеудің қағидаларында:

      3 тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;"

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны."

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Сапаров
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.