Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
01.07.2019
Өзгерту күні
21.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Атырау облысының мәслихаты

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ?зін-?зі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қа?тардағы За?ыны? 6-бабына сәйкес, VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXXIІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысыны? ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалсын:

      ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бір жолғы төлем түрінде 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау арқылы белгілеу.

      2. Атырау облысыны? ауылдық жерге жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетудiң Қағидасы осы шешiмiнiң қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымына (Ә. Беккужиева) жүктелсін.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ?ткен со? қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Е. Сапаров
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

  Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы "21" маусымдағы № 330-VI шешіміне қосымша

Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атырау облысының ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау, сондай-ақ қаржыландыру және әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде төлемдер тәртібін айқындайды.

      2. Негiзгi ұғымдар:

      1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмыс берушi – медицина және фармацевтика қызметкерiмен жеке еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      3) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер (бұдан әрі-қызметкерлер) – кәсіптік жоғары немесе орта арнайы медициналық және фармацевтикалық білімі бар, медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органмен ауылдық жерге жұмысқа жіберілген жеке тұлғалар.

      3. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі-әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.

      4. Әлеуметтік қолдау алу құқығына жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан күннен бастап алғашқы бес жылда еңбек міндеттемесін нақты орындайтын жас маман немесе шақырылған қызметкер ие.

      Осы бес жылдық кезеңге қызметкердiң жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен расталған екi айдан артық уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі кiрмейдi.

      5. Әлеуметтік қолдау Атырау қаласының аумағындағы ауылдық округтерде тұратын және жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне көрсетiлмейдi және Қазақстан Руспубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысын өтеуден босатылатын адамдарға қолданылмайды.

      6. Қызметкерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады және қызметкермен еңбек шарты жасалғаннан кейін оның өтініші негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған оның дербес шотына аудару арқылы төленеді.

2. Әлеуметтiк қолдау шараларын қабылдау тәртiбi

      7. Уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша жұмыс берушi Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.

      8. Уәкiлеттi орган қызметкердi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты ауылдық жерде орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың арасында ауыстыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығы сақталады.

      Мұндай жағдайда басқа ауылдық жерде орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайта көрсетілмейді.

      9. Қызметкердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты уақытынан бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жазбаша өтініш беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

      10. Жұмыс берушi қызметкердiң әлеуметтiк қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап (еңбек шартын бұзған жағдайда) 10 жұмыс күннен кешiктiрмей бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етеді.

      11. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган iске асырады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.