Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
01.07.2019
Өзгерту күні
25.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Жылыой ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2819 болып тіркелген, 2014 жылы 9 қаңтарда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы келесі 6), 7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға;

      7) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар ішінен оқшаулау және көшіру жүргізілген аймақтан Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркімен көшкен), көшірілген күні анасының құрсағында болған балаларды қоса, адамдарға;

      8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына."

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, гендерлік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х. Жамалов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Жылыой аудандық мәслихатының
XXXVI сессиясының төрағасы
С. Балжігітов
      Жылыой аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Кенғанов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.