Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
04.12.2019
Өзгерту күні
20.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Махамбет ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2796 тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2013 жылы 12 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тілінің 2-қосымшасының 7) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.";

      орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысына бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
XLVI -сессиясының төрайымы
Ф. Тюрина
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Мырзашев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.