"Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 62 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
20.05.2019
Өзгерту күні
17.05.2019
Актіні қабылдаған орган
Қызылқоға ауданының әкімдігі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 62 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3121 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы "Қызылқоға" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшаның:

      3-тармағындағы "Миялы ауылы, "№1 мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд" деген мәтін "Миялы ауылы, "Ы. Шөреков атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Ж. Жанқуатовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Баженов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.