Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Қабылдау күні
27.11.2019
Өзгерту күні
08.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Индер ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Қ. Гильманов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХLI сессиясының төрағасы
Н. Тоғаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров

  Индер аудандық мәслихатының 2019 жылғы "08" қарашадағы № 329-VI шешіміне қосымша Индер аудандық мәслихатының 2019 жылғы "08" қарашадағы № 329-VI шешімімен бекітілген

Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес жасақталды және Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (әрі қарай-әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      3. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен - "Индер ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай-көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      4. Өтінішті қабылдау және әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесін беру:

      1) ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      5. Жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін еркін нысанда жазған өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      2) жұмыс орнынан анықтама;

      3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

      6. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы 5 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      2) өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      3) лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      7. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.