Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
23.05.2019
Өзгерту күні
21.05.2019
Актіні қабылдаған орган
Мақат ауданының әкімдігі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақты сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 47 "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3127 болып тіркелген, "Мақат тынысы" газетінде 2015 жылғы 19 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Н.Ерғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Қарағаев

  Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "21" мамырдағы № 95 қаулысына қосымша

Мақат ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1

Мақат кенті

"Муса Баймұханов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

2

Мақат кенті

"Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мақат аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

3

Доссор кенті

"Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Доссор мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

4

Доссор кенті

"Мақат аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

5

Бәйгетөбе ауылдық округі

"Мақат аудандық білім беру бөлімінің Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.