Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
08.05.2019
Өзгерту күні
08.05.2019
Актіні қабылдаған орган
Кентау қаласының әкімдігі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес берілсін.

      2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 389 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-3-120 тіркелген, 2011 жылғы 10 желтоқсандағы қалалық "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Дауылбаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Д. Махажанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Кентау қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ____________Б.Садуов

      "03" мамыр 2019 жыл

  Кентау қаласы
әкімдігінің 8 мамырдағы
2019 жылғы № 232
қаулысына 1 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі

р/с

Қала, ауылдар мен ауылдық округтер атаулары

Елді мекен атауы

Шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі

1

Кентау қаласы

Кентау қаласы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ататүрік атындағы № 4 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

Түркістан облысы білім басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның акт залы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Әл-Фараби атындағы № 14 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ю.Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "А.Молдағұлова атындағы № 19 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ш. Қалдаяков атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Кентау оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның акт залы

2

Ащысай ауылы

Ащысай ауылы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы № 7 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы

3

Байылдыр ауылы

Байылдыр ауылы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "С.Қожанов атындағы № 9 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы

4

Хантағы ауылы

Хантағы ауылы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "А.С.Пушкин атындағы № 6 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акті залы

5

Қарнақ ауылы

Қарнақ ауылы

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Махмуд Қашқари атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы

6

Үшқайық ауылдық округі

Шорнақ елді мекені

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Шорнақ жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

7

Шорнақ ауылдық округі

8

Жібек жолы ауылдық округі

9

Оранғай ауылдық округі

Еңбекші Дихан елді мекені

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Шобанақ жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

10

Шаға ауылдық округі

11

Иассы ауылдық округі

12

Ескі Иқан ауылдық округі

Ескі Иқан елді мекені

Кентау қаласы әкімдігінің "Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіның мәжіліс залы

13

Жаңа Иқан ауылдық округі

14

Қарашық ауылдық округі

Жүйнек елді мекені

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Югнаки жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

15

Жүйнек ауылдық округі

16

Бабайқорған ауылдық округі

Бабайқорған елді мекені

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Бабайқорған жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

17

Майдантал ауылдық округі


  Кентау қаласы
әкімдігінің 8 мамырдағы
2019 жылғы № 232
қаулысына 2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

р/с

Белгіленген орындар

1

Кентау қаласының Сейфуллин көшесі бойындағы автомобиль бекетінің жанындағы тақта.

2

Кентау қаласының Сейфуллин көшесі мен Яссауи даңғылы қиылысындағы тақта.

3

Кентау қаласының Яссауи даңғлы мен Төле би көшесі қиылысндағы тақта.

4

Кентау қаласының Яссауи даңғылы мен Б.Момышұлы көшесі қиылысындағы тақта.

5

Кентау қаласының "Ынтымақ" алаңындағы тақта.

6

Кентау қаласының Яссауи даңғылындағы 3 тақта.

7

Ащысай ауылының Құлымбетов көшесі бойындағы тақта.

8

Ащысай ауылының Торлан көшесі бойындағы тақта.

9

Байылдыр ауылының Чехов көшесіндегі тақта.

10

Байылдыр ауылының Орталық алаңдағы тақта.

11

Қарнақ ауылының Ш. Қанайұлы көшесіндегі тақта.

12

Қарнақ ауылының Орталық алаңдағы тақта.

13

Қарнақ ауылының Жәнібек көшесіндегі тақта.

14

Хантағы ауылының Рысқұлбеков көшесіндегі тақта.

15

Хантағы ауылының Орталық саябағындағы тақта.

16

Хантағы ауыл клубының аумағындағы тақта.

17

Шорнақ ауылдық округінің С.Тоймахан, Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы тақта.

18

Жүйнек ауылдық округінің Түркістан көшесіндегі тақта.

19

Қарашық ауылдық округінің Түркістан–Қарнақ тас жолындағы, Н.Исатай көшесіндегі тақта.

20

Шаға ауылдық округінің М.Мұса атындағы жалпы орта мектебінің аумағындағы тақта

21

Иассы ауылдық округінің "Шобанақ" жалпы орта мектебінің аумағындағы, Шойтөбе фельдшерлік акушерлік бекет аумағындағы тақта.

22

Жаңа Иқан ауылдық округінің Ибата елді мекені Иқан көшесіндегі, Ибадулла ата көшесіндегі тақта.

23

Оранғай ауылдық округінің Кентау–Түркістан тас жолындағы тақта.

24

Үшқайық ауылдық округінің Абдулла Үсенов көшесіндегі, Әлия Молдағұлова көшесіндегі тақта.

25

Ескі Иқан ауылдық округінің Д.Қонаев көшесіндегі, Шымкент - Түркістан тас жолындағы және Д.Қонаев көшесінің қиылысындағы тақта.

26

Майдантал ауылдық округінің "Қаражон" шағын жинақталған орта мектебінің аумағындағы, Майдантал ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының алдындағы тақта.

27

Бабайқорған ауылдық округінің "Абай" атындағы жалпы орта мектебінің аумағындағы тақта.

28

"Жібек жолы" жалпы орта мектебінің аумағындағы, "Шойтөбе" шағын жинақталған бастауыш мектебінің аумағындағы тақта.


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.