Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 27/145-VI "Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
17.10.2019
Өзгерту күні
09.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Түркістан қаласының мәслихаты (ҚР Президентіні 19.06.2018 ж. № 702 Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілді)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17634 тіркелген) сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 27/145-VI "Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4461 тіркелген, 2018 жылғы 2 наурызда "Түркістан" газетінде және 2018 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымшада:

      реттiк нөмiрi 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiн өзгермейдi:

      "

6

Емханалар

1 келiп кету

0,02

      ";

      реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,0

      ";

      реттiк нөмiрi 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiн өзгермейдi:

      "

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 отыратын орын

0,5

      ";

      реттiк нөмiрi 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,2

      ";

      реттiк нөмiрi 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауар дүкендерi, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,958

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,5

      ";

      реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.

      2. "Түркістан қалалық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Мәди
      Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.