Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 07 сәуірдегі №14/84-VІ "Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
02.10.2019
Өзгерту күні
26.09.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазығұрт ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 07 сәуірдегі № 14/84-VІ "Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қазығұрт аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихатының интернет –ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Е. Аманкулов
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Копеев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.