Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 55 "Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
15.03.2019
Өзгерту күні
13.03.2019
Актіні қабылдаған орган
Созақ ауданының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге,кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 55 "Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3953 тіркелген, 2017 жылғы 21 қаңтарда "Созақ үні" газетiнде және 2017 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Созақ аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы републикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Күзенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Байғараев

  Созақ аудандық
мәслихатының 2019 жылғы
13 наурыздағы № 225
шешіміне қосымша

Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері


Р/с

Атаулары

Есептік бірлік

Баға,
теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



1.1

Жайлы үйлер

1 адам

105

1.2

Жайсыз үйлер

1 адам

105

1.3

Заңды тұлғалар

1 текше метр

1200

2

Тұрмыстық қаты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері



2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

105

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

1200


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.