"Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Өзгерту
Қабылдау күні
03.07.2019
Өзгерту күні
14.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Шығыс Қазақстан облысының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 92-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 желтоқсандағы "Дидар", 2013 жылғы 9 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесінде:

      "Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар" 2 – тарауында:

      6 – тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Джангурчинов
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В. Головатюк
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитеті төрағасының
      міндетін атқарушы
      ______________ М. Бейсенов

      2019 жылғы "___"_______________

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің басшысы
      ______________ Ғ. Сүлейменов
      2019 жылғы "___"_______________

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.