Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Өзгерту
Қабылдау күні
18.03.2019
Өзгерту күні
05.03.2019
Актіні қабылдаған орган
Өскемен қаласының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5641 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 маусымда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      10 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз:

      "Алтын алқа" алқасымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 8 айлық есептік көрсеткіш;

      "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға – 6 айлық есептік көрсеткіш;

      төрт және төрттен жоғары бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар, кәмелетке толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 6 айлық есептік көрсеткіш;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Бахыт
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.