Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/3-VI "Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
03.07.2019
Өзгерту күні
25.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Өскемен қаласының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 87 қаулысына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 28/308-VI "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5798 нөмірімен тіркелген) бірлескен шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/3-VI "Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4482 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 25 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 3 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Өскемен қаласы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойынша Металлургтер мәдениет сарайынан Гагарин бульвары бойымен "Восток" стадионының аланына дейін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Бахыт
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Светаш

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.