Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 46/339-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
27.11.2019
Өзгерту күні
15.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Аягөз ауданының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңның 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 46/339-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 4458 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 15 сәуірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешім қосымшасының 2 және 3 тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орын: Аягөз қаласы: Ә. Тәңірбергенов көшесіндегі "Ардагерлер" саябағы, Р. Қошқарбаев көшесіндегі "Аман" мәдениет және демалыс саябағы.

      3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Аягөз қаласы: Абай бульвары – Б. Момышұлы көшесінің қиылысынан, Абай бульвары бойымен Ә. Тәңірбергенов көшесіндегі қиылысқа дейін жоғары қарай қозғалу, Ә. Тәңірбергенов көшесінің бойымен Абай бульвары қиылысына дейін қозғалу, Абай бульвары бойымен аудандық мәдениет үйінің орталық кіре берісіне дейін төмен қарай қозғалу (Абай бульвары, 14).".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш. Омаров
      Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы С. Искаков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.