"Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
18.12.2019
Өзгерту күні
29.11.2019
Актіні қабылдаған орган
Аягөз ауданының мәслихаты

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі №27/190-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-180 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 9 қазанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 31 000 (отыз бір мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.";

      2 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік қолдауды алу үшін жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) еркін нысандағы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш.Омаров
      Аягөз аудандық мәслихат хатшысы С. Искаков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.