Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қазандағы № 6/6-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
13.01.2020
Өзгерту күні
24.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Бесқарағай ауданының мәслихаты

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қазандағы № 6/6-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4734 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2016 жылғы 19 қарашадағы № 95 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ішінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кемтар балаларды оқытуға шығындарды өтеу "Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;";

      әрі қарай мәтін бойынша "өндіру", "өндіріп алу" деген сөздер тиісінше "өтеу" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кургамбаев
      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы К. Садыков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.