Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 29/7-VI "Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
13.01.2020
Өзгерту күні
24.12.2019
Актіні қабылдаған орган
Бесқарағай ауданының мәслихаты

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 29/7-VI "Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-7-140 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 20 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.

      "2) жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) әлеуметтік қолдауды алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызмет берушіге немесе ауылдық округ әкіміне еркін нысанда жазылған өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кургамбаев
      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы К. Садыков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.