Зырян ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы

Актінің түрі
Сызба
Шешім
Қабылдау күні
21.01.2019
Өзгерту күні
15.01.2019
Актіні қабылдаған орган
Алтай ауданының мәслихаты

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 1- тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зырян ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5,- қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Зырян ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Зырян ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 45/3-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4103 тіркелген, 2015 жылы 20 тамызыда "Мой город Зыряновск" "Менің өлкем" газеттерінде жарияланған);

      2) "Зырян ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 45/3-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/10-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-12-153 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 мамырда электрондық түрде жарияланған).

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Попова
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

  Зырян
ауданының мәслихатының
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 43/3-VI шешіміне 1-қосымша

Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

     


  Зырян
ауданының мәслихатының
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 43/3-VI шешіміне 2-қосымша

Зырян ауданының жерлерін (елді мекендердің жерлерінен басқа) аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

     


  Зырян
ауданының мәслихатының
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 43/3-VI шешіміне 3-қосымша

Зырян қаласының бағалық аймақтарының шекаралары

     


  Зырян
ауданының мәслихатының
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 43/3-VI шешіміне 4-қосымша

Серебрянск қаласының бағалық аймақтарының шекаралары

     


  Зырян
ауданының мәслихатының
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 43/3-VI шешіміне 5-қосымша

Зырян ауданының елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

Аймақтардың №

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

Зырян қаласы

I

1,5

II

1,5

III

1,4

IV

1,4

V

1,5

VI

1,5

Серебрянск қаласы

I

1,5

II

1,5

III

1,3

IV

1,3

V

1,4


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.