Зырян ауданының мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 28/3-V "Зырян ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қағида
Өзгерту
Қабылдау күні
14.03.2019
Өзгерту күні
07.03.2019
Актіні қабылдаған орган
Алтай ауданының мәслихаты

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы" Жарлығынына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зырян ауданының мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы 28/3-V "Зырян ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын анықтау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3229 тіркелген, "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы";

      аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы" Жарлығынына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №.1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      аталған шешімнің 1, 2 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 – қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Попова
      Алтай ауданының
      мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

  Алтай
ауданының мәслихатының
2019 жылғы 7 наурыздағы
№ 45/9-VI шешіміне 1-қосымша
  Зырян
ауданының мәслихатының
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 28/3-V шешіміне 1-қосымша

Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №.1106 қаулысымен бекітілген, бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Алтай ауданының қалаларының, кенттерінің, ауылдық округтерінің аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Алтай ауданының қалаларының, кенттерінің, ауылдық округтерінің аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Алтай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Алтай ауданының мәслихаты бекіткен санына сәйкес ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің болек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Алтай
ауданының мәслихатының
2019 жылғы 7 наурыздағы
№ 45/9-VI шешіміне 2-қосымша
  Зырян
ауданының мәслихатының
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 28/3-V шешіміне 2-қосымша

Алтай ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам)

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)

1000 дейін

10 дейін

1000 -нан 1500 дейін

10-15

1500 -ден 3000 дейін

15-20

3000 -нан 5000 дейін

20-25

5000 -нан 10000 дейін

25-35

20000 -нан 50000 дейін

35-55


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.